Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Мемлекеттік бюджет басқару жүйесіне жаңа өзгеріс: Шенеуніктер қаржыны өздері басқарады

Енді мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктер өздеріне бөлінген бюджетті қалай жұмсайтынын өздері шешетін болады. Алайда бұл еркіндік белгілі бір лимит шеңберінде ғана жүзеге асырылады. Жаңа жүйе бюджеттік басқарудағы икемділікті арттыруды көздейді.

Жүйенің негізгі қағидаттары:
Үш жылдық бюджеттік лимит алдын ала бекітіледі.
Мемлекеттік органдар бөлінген қаржыны өз қалауларынша жұмсай алады, бірақ белгіленген сомадан аспауы тиіс.

Бұл пилоттық жоба 2027 жылдың соңына дейін жалғасады. Жобаның толық мазмұны "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама