Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
1 сынып
Сабақтың тақырыбы Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Кіріспе 7 мин
Сергіту сәті
«Балаларға арналған» жаттығулар
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді?
- Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
- Өткен сабақтарда қандай дыбыспен таныстық?
Оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

«Ой қозғау» әдісі
Жұмбақ шешу
1. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн)
2. Гүл ұшып гүлге қонады, Гүл - бақшам гүлге толады. (Көбелек)
3. Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (Кітап)
4. Өзі алып кемедей, Дауылдан ықпайды, Су шашып телегей, Мұхиттан шықпайды. (Кит)
- К дыбысынан басталады. Ендеше, бүгін біз К дыбысымен және әрпімен танысымыз.
Электронды оқулықтан «К» дыбысының жазылу ережесін,
«К» дыбысы кездесетін сөздерді көру.
Кісі кеме терек кеше ерлік кіші кесе шелек кесте мереке ескі елік кім кілт текемет
Ешкі етік ешекім кесіртке керемет
«Ата ақылы» өлеңін тыңдап жатқа айту.
Ескі - жаңа
Кіші - үлкен
Еркіннің хатын тыңдап, сұрағына жауап бер.
Суретте бейнеленген заттардың әрқайсысын ата. Бұлардағы ортақ нәрсе не?

Мұғалім: Нұрханова Ж.
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі жүктеу
К дыбысы мен әрпі слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама