- 27 қар. 2022 00:00
- 272
Менің студенттік өмірім!
Менің есімін Мунисa. Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина және денсаулық сақтау факультетінің стоматология мамандығына түстім. Студенттік өмір жарқын сәттерге толы. Студент болғаным мен үшін керемет.
Мектеп қабырғасында 11 жыл оқып, жаңа өмір жолын бастаған әрбір жас студент үшін университет мекемесі үлкен бір қамалдай көрінеді. Балалықтың бал дәмін бірге татып өскен достарымен айырылысып, жат жерге танымайтын адамдар ортасына келу кез келген жас түлектің жүрегінде қорқыныш туғызары анық. Дәл солай мен де осыдан Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне келген едім.
Туған жерімді, отбасымды, жақын достарымды атамекенде тастап, жалғыз өзім танымайтын қалаға, мүлде білмейтін білім ордасына аяқ бастым. Басында үлкен қорқынышқа бой алдырғанмен, жаңа түскен тобымдағы балалар да өзім сияқты болып шықты. Бірден достасып кетіп, осы 3ай отбасының балаларындай болып кеттік. Қазіргі қарасам, өз тобымызбен талай оқиғаның куәсі болдық.
Әлі есімде, КАЗНУ табалдырығын аттаған кездегі толқынысым, алғашқы сабаққа кіргенде ұстаз алдындағы қорқыныш, болашаққа бастау, мамандықты игерудегі жауапкершілік пен түрлі-түрлі сезімдер бойымды билеп алған еді. Алайда жоғарғы білім ордасының ұстаздар қауымы осы орайда маған көп қолдау көрсетті. Жанымдағы достарым да, группаластарым да әрқашан қасымнан табылып, қол ұшын беріп жүрді. Сол үшін де ризамын.
Жалпы адамның өмірінің ең қызықты шағы – жастық шақ дейді. Соның ішінде студенттік жылдарға тұспа-тұс келген шақ болса керек. Неге? Себебі адамның өмірлік кәсібін, өз мамандығын меңгеріп, арманына жол бастайтын, кейбір жастардың махаббатын не шын досын тауып жататын уақыт емес пе бұл? Дәл солай мен де өзімнің осы 3ай уақытымда көп нәрсеге ие болдым деп ойлаймын. Сонымен қатар Алматы қаласына келгенде мені бірден өзіне тартып тұратын бір мекеменің болары анық. Ол – университет. Менің жалынды жастығымның куәсі болған қара шаңырақ ордасы.
Студенттің уақыты оқумен өтеді екен деп ойлап қалмаңыз. Бұл менің тек бір күндік өмірім. Студенттік шақтың бұдан да басқа естен кетпейтін қызықтары болады. Мөлдір махаббат, алғашқы қиындықтар, ойын-сауыққа толы кештер, жатақханадағы өмір де осында болады. Оны бір жазбаға сыйдыру да мүмкін емес шығар. Алайда мәңгі студент болу ешкімнің маңдайына жазылмаған. Күн артынан күн жалғасып осы сәттер де өте шықпақ. Бастысы халқыма қызмет етіп, еткен дәрігер болсам екен деп тілеймін.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Медицина және денсаулық сақтау факультетінің
1 курс студенті Сабурова Муниса
Аға оқытушы: Кайракбаева Г.С. жетекшілігімен