
- 27 мам. 2025 16:04
- 29
Министр Алматы әкімі болып сайлаған Сатыбалдының туыстары жайлы сұрақтан жалтарды
Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдының бауырлары құрылыс саласында бизнес жүргізетіні белгілі. «Власть» сайтының мәліметінше, олардың Кіші Талдыкөл аумағындағы құрылыс жобаларына қатысы бар. 2023 жылы бұл туралы сұралғанда Сатыбалды туыстарының жұмысына араласпайтынын, аталған құрылыс жөнінде хабары жоғын айтқан.
Жуырда журналистер Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтан: «Жаңа әкім келген соң Алматыда тиімсіз құрылыс көбеймей ме?» деп сұрады. Министр нақты жауаптан жалтарып, тек:
– Қазір біз егжей-тегжейлі жоспарлау және бас жоспарға өзгерістер енгізу процесінің соңғы кезеңіне министрлікті қосуды қарастырып жатырмыз. Бұл процесті қатаң бақылаймыз, – деді.
Ал журналистің «Ағайынды Сатыбалдылардың бизнесі қалада етек жаймайтынына кепілдік бере аласыз ба?» деген сұрағына министр қысқа қайырып: «Құзыретімізге сәйкес бақылаймыз», – деп жауап берді.