Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Өмір туралы ой
Өмір туралы ой

Өмір деген тұрмайды, бір арнада
Су сияқты ағып жатқан жылғада.
Адамдар, өмір үшін күресіңдер,
Уақыт мәңгі тұрмайды бір орнында.

Уақыт, сынап сияқты жылжып жатыр
Күн артынан күн өтіп сырғып жатыр
Адамдар уақытпенен санасады
Бәрі асығыс, арпалыс, жарысады.

Өмір мәнін түсінбейді ұқпайды
Пенделіктің аясынан шықпайды
О, пенделер аялайтын өмірді
Бес күн жалған, мәңгі орнында тұрмайды
Қонақпыз біз өмірдегі бес күндік
Аялайық, өзімізді өмірлік!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама