Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Үздік Абайтанушы
Сыныптан тыс шараның тақырыбы: Үздік абайтанушы
Мақсаты: Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер беру, оқыған шығармаларын еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету, өлеңнің мағынасын жан - жақты түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: Поэзия пайғамбары Абайдың өмірі, шығармашылығы туралы жан - жақты біледі. Өлеңдерін талдап, мазмұны мен тақырыптық аясын меңгереді. Өз бетімен жұмыс істеуге, өзін - өзі реттеуге дағдыланады.
- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Үздік абайтанушы» атты зияткерлік ойынға қош келіпсіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
Ол - қазақ халқының ұлы ақыны, поэзия пайғамбары Абай Құнанбаев. Ендеше, бүгінгі сыныптан тыс шарамыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналмақ. Қарсы алыңыздар, ортаға дана да дара Абай аталарының ізбасарларын шақырамыз.

Сайыскерлеріміздің білім - біліктерін сарапқа салатын қазылар алқасымен таныстырып кетейін.
-----------------------------------------------------------------------------

Ұйымдастыру. Қане, балалар, ең алдымен, өздеріңді жақынырақ таныстырсаңдар.

І айналым. «Мықты болсаң, тауып көр» (суреттер сыр шертеді)

ІІ айналым. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» (әр ойыншыға сұрақ қойылады, жылдам жауап беру).
6 - сынып
1. Абай қай жылы дүниеге келді?
2. Әжесінің аты?
3. Абай қай медреседе оқыды?
4. 13 жасар Абайдың аулына келген ақын қонақтар?
5. Абайдың қанша қара сөзі бар?
6. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» қай өлеңінен алынған?
7. Абайдың анасы?
8. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі көркемдік тәсіл?
9. «Ит жегенше... кім жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды» көп нүктенің орнына тиесілі сөзді тап?
10. Бес асыл іс пен бес дұшпанды ата?

7 - сынып
1. Абайдың туған жері?
2. Жеңгелері Абайды кім деп атаған?
3. Абайдың ең алғаш жазған өлеңі?
4. Өлеңдерін кімнің атынан жариялап отырған?
5. Абайдың табиғат лирикасына арнаған өлеңдері?
6. Ғылым таппай мақтанба... ары қарай жалғастыр?
7. Абайдың қандай әндері бар?
8. Орыс әдебиетінен кімдерді аударды?
9. Абайдың шын есімі?
10. Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға... Қай өлеңінен алынған үзінді?

8 - сынып
1. Абай қай рудан?
2. Көкше өңірінен Абай мен Әйгерімнің аулына келген ақын?
3. Абайдың ақын інісі?
4. Сүйікті баласына арнаған өлеңі?
5. «Қыс» өлеңінде қолданатын көркемдік тәсіл?
6. «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы» Қай өлеңінен алынған үзінді? (Өлең сөздің патшасы)
7. «Тәкаппар, жалған онда жоқ, Айнымас жүрек, күлкің - бал». Көркемдік тәсілдің қай түрі?
8. «Қараңғы түнде тау қалғып». Кімнен аударған өлеңі?
9. Абайдың бірінші әйелі?
10. Абай орысша қанша оқыды?

9 - сынып
1. Не үшін әкесі баласын оқудан шығарып алды?
2. Құнанбай кім болған?
3. Абайдың алғашқы махаббаты?
4. «Талаптың мініп тұлпарын». Кімге арнаған өлеңі?
5. «Құлақтан кіріп бойды алар...». Жалғастыр.
6. Абай кімнің мысалдарын аударды?
7. «Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп әлек салды». Көркемдік тәсілдің қай түрі?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама