- 02 жел. 2022 00:00
- 216
Өмірзая зая кеткен ғұмыр
Өмірзая зая кеткен ғұмыр емес, ел игілігіне жұмсалған ғұмыр...
Өмірзая. Баққожа Мұқайдың қаламынан туып, жалпы қазақты қамтыған туындысы. Өмірзая зая кеткен ғұмыр емес, елдің игілігіне, әділдігіне, қазақ көгіндегі талас жолына түскен азаматтардың ғұмыры. Оқиға кейіпкері Аяған, Советтің әділ заңын құп көріп, оны бұрмалайтын жандар бергіде деп ойлап, талап-арызын жетектеп, әділдік үшін құрбан болады. Арызын жоғарыға жазам деп жүріп, түрмеге тоғытылып, одан шыққанымен жындыханаға қамалып, ақыр аяғында ажалын кісі қолынан көреді. Оның бар жазығы сол, Алдияр атты ақсақал ұстазы Кенесары жайлы жазса, оның жолын қуам деген зияткер тарихшы Сыздық Төре жайында еңбек жазбақшы болады.
Оқиға 1980 жылдан Желтоқсан оқиғасына дейінгі кезеңді бұқпасыз боямасыз жеткізеді. Әсіресе Алдияр ақсақалдың өз шәкірттерінен көрген сатқындығы, әкесін өз қолымен жындыханаға тыққан ректор т.б. адам шошырлықта, қорқып та, жаға ұстап еске алатын тарих осы романда көрініс табады.Оқиға соңы әрине өлім, ажал, мақсатына жете алмаған кейіпкерлер...
Ал неге Өмірзая зая кетпеді? Қазақ елі - арыстардан айырылсада, ешқашан рухы сынбаған халық. Жасыруныды жат көреді, сар даланың салқам қожасы бұл қазақ елі, қайта тұрып Тәуелсіздік жолында қаймықпай күресті. Өмірзая азаматтарын көре отырып, қаны тасып, алдыға жүруді көздеді. Желтоқсан оқиғасында қыршын кеткен қарлығаштарымызды айт, боздақтарымыздың өзі халықтың егемендігінің айнасы емеспе? Сол ақ қарды қанға бояп, қоқысқа көміп, айдауға салсада, жастар "Менің елім, менің жерім" деп ұрандап отаршылдың бетін қайтарғаны әлемге аян, жаһанға мәлім. Ендеше, Өмірзая - зая кетпеген, жемісін кеш болсада жеген, азаматтардың ғұмыры.
Алаш-Омар Асқарұлы