Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Орын жетпеген орындықтар: Қазақстанда овербукингке қарсы жаңа шаралар енгізілді

Ұшаққа билет алғаныңызбен, бортқа кіре алмай қалу — бұдан былай мұндай әділетсіздікке жол жоқ. Қазақстанда овербукингке қатысты жаңа ереже күшіне енді. Енді тек халықаралық емес, ел ішіндегі рейстерге де қатаң талап қойылады.

Мерекелік күндер – мереке емес, әбігерге айналған шақтар
Соңғы екі жылда әсіресе мейрам мен демалыс күндері жолаушылардың ұшаққа кіре алмай қалуы жиілеген. Көптеген адам билетпен келіп, орын жетпей, рейстен қалып қойған. Бұл — жай ғана келеңсіздік емес, тұтынушы құқығының бұзылуы.

Ұшаққа отырғызбай ма? Айыппұл төлесін!
Мәжіліс бұл түйткілге нүкте қою үшін Әкімшілік кодекске өзгеріс енгізді. Енді ішкі бағыттардағы овербукинг үшін әуе компаниялары 50 АЕК — яғни 196 600 теңге төлейтін болады. Бұл — жолаушы құқығын таптағандардың жазасыз қалмауы үшін қабылданған нақты қадам.

SCAT ұша алмады — айыппұл арқалады
Айта кетейік, бұған дейін SCAT компаниясы «Өскемен–Астана» бағытында сегіз сағаттан аса кешіккен рейс кезінде жолаушыларға қонақ үй ұсынбағаны үшін 4 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі. Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырып, прокуратураның араласуына себеп болды.

Әуе тасымалында адам тағдыры мен уақыты — басты орында. Ал жаңа ережелер – сол құндылықтарды қорғауға жасалған нақты қадам.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама