Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ойыншықтар дүкені
Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Асанова Чынар Эсеналиевна

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сенсорикалық тәрбие
Тақырыбы: Дидактикалық ойын «Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты: Әр ойыншықтың атын, түсін, пішінін ажыратуға үйрету. Көңіл - күйлерін көтеру. Балаларды біріңғай заттарды сенсорлық белгілерін көлемін, пішінін, түсіне қарай байланыстыра, топтауды үйрету. Сөз қорын дамыту
Міндеті: Балаларды сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту
Көрнекілігі: Ойыншықтар, үлкен, кіші доптар.
Құрал - жабдықтар: Ермексаз, сүлгі, тақтайша
Билингвалдық компонент: магазин - дүкен, доп – мяч
Инклюзивті әлеумет: сұрақ – жауап арқылы балаларды әңгімеге тарту

Мотивациялық - қозғаушылық
Балалар топқа қол ұстасып кіреді.
Келген қонақтармен сәлемдеседі.
- Балалар бізге күн сәулесін төгіп тұр!
- Кәне қолымызды жоғары көтеріп күннен жылу алайық. Осы жылуды бойымызға төмен қарай береміз. Енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап, күліп қарап, жылы лебіздерімізді білдірейік.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балалар сендердің қандай сүйікті ойыншықтарың бар? Сендерге сол ойыншықты кім әпереді? Мамаларың қайдан алады?
- Олай болса балалар біз сендермен «Ойыншықтар дүкеніне барамыз»
- Дүкенге жеткенше әңгімелесіп барайық.
- Айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде күн қандай болады?
Міне балалар әңгімелесе отырып дүкенге келіп қалдық.
Балалар дүкеншімен сәлемдесейікші
Дүкенші: Сендер ойыншықтар алуға келдіңдер ме? Онда кімде кім менің сұрағыма жауап берсе, немесе тақпақ айтып берсе, сол балаға ойыншық берем.
Балалардың атын сұрайды
Тақпағыңды айта ғой

Жарайсың Нұрай.
- Қоян қандай?
- Қоян нені жақсы көреді?
- Сәбіздің түсі, пішіні қандай?
- Қоянның құлағы неше?
- Құлағы ұзын ба, қысқа ма?
Ойыншықты қолына береді
Келе ғой сен қандай тақпақ айтасың?

- Аюдың түсі қандай?
- Құлағы үлкен бе, кіші ме?
- Қатты ма, жұмсақ па?
- Аю нені жақсы көреді?
Тағы кім тақпақ айтады?
Азамат келе ғой

- Бұл қандай көлік?
Дөңгелектің түсі қандай?
Тәрбиеші:- Ал енді бала бақшаға қайтатын уақытымыз болды. Балалар дүкеншімен қоштасайық. Балалар шаршағанымызды басып, серігіп алайық

Балалар бізге Айгүл қуыршақ қонаққа келіпті.
Сәлемдесейікші
Қуыршақ Айгүл неге келдің?
Сендер маған мына доптардың үлкенін бір бөлек, кішісін бір бөлек етіп, жинауға көмектесіңдерші
Алдымен балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тауып беріңдерші:
Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді

Ал енді балалар біз Айгүл қуыршаққа көмектесейік
Доптарының түсі қандай?
Доптардың пішіні қандай?
Олай болса балалар үлкен допты бір бөлек, кіші допты бір бөлек жинайық
- Рахмет балалар көмектескендеріңе
Ал енді балалар Айгүл қуыршаққа ермексазбен көлемі, түсі әр түрлі доп мүсінін сыйлыққа жасап берейікші
Балаларға мүсіндеудің әдіс - тәсілдерін түсіндіре отырып, жұмыстарын жасату.
Балалар біз не жасадық?
Сендер қанша доп жасадыңдар?
Кәне Аяжан сенің добыңның пішіні, түсі қандай?
Айгүл қуыршақ біздің балалар жасаған доптарын қарашы.
Саған қай доп ұнады?
Өзін қалаған түсті допты таңдап ал. Біз саған сол допты сыйлыққа береміз
Қуыршақ: Маған балалардың барлық доптары ұнады. Менің көйлегім жасыл болғандықтан жасыл түсті допты алайын Сыйлықтарыңа рахмет балалар!
Мен енді өзімнің қуыршақтар әлеміне қайтайын.

Рефлексивті түзету
Балалар біз бүгін қайда бардық?
Қандай дүкенге бардық?
Дүкеннен қандай ойыншықтар алдыңдар?
Ермексаздан не жасадық?
Көлемдері қандай?
Жарайсыңдар балалар!
Осымен балалар «Ойыншықтар дүкеніне» деген саяхатымыз аяқталды. Енді балалар ауламызға серуенге шығайық.

Күтілетін нәтижелер:
Не білді: ойыншықтар дүкенде сатылатынын білді
Не алды: Тақпақтар айтып, жұмбақтар шешуін таба алды
Не істей алды: ермексазбен доп істей алды.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама