Photo: Tahir Xəlfə (https://www.pexels.com/@tahir) / Pexels
- 12 мам. 2026 05:31
- 29
«Өз тізгініме өзім иемін!»: Қыдырәлі Болманов жарақат алғанына қарамастан, концертін өткізгенін айтты
Белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов жақында болған оқиғадан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, жанкүйерлеріне алғыс айтты. Ол аяғына жарақат алғанына қарамастан, концертін тоқтатпағанын түсіндірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жанкүйерлерге алғыс
Қыдырәлі Болманов барлық қалада өткен концерттеріне келген көрермендерге шын жүректен алғыс білдірді. Ол халықтың ыстық ықыласы мен қолдауына ерекше ризашылығын жеткізді.
«Барлық қалаларда өткен, зал тола көрермендеріміз, концерттерімізді көріктендірген сіздер екенін ыстық ықыластарыңыздан, үзбей қол соққандарыңыздан жүрегімізбен сезіндік. Мың алғыс! Кешегі оқиғаның өзінде, қаншама тілектеріңіз жүрекке жетті. Тілектеріңіз Алладан өздеріңізге мыңдаған есе болып қайтсын! Бізді қалай жақсы көрсеңіз, Жаратқан Алла сіздерді жақсы көрсін!» – деп жазды өнер иесі.
Жарақатқа қарамастан, сахнада
Продюсер жарақат алғаны туралы да айтып, неге концертті тоқтатпағанын түсіндірді. Оның айтуынша, аяғына сызат түскенмен, бұл жағдай концерттің уақытын ауыстыруға себеп бола алмаған.
«Кешегі видеоны салған себеп – біреу-ақ… Ертең алдарыңызға сылтып басып “красавчик” болып шыққанда, түсінбей қалмасын, ердің басынан не өтпейді, ең бастысы бас аман… Аяғыма сызат түсті екен деп, концерт күнін ауыстыруға келіспедім. Мың бұралған биші де емеспін. Концертімізді күткен қаншама тыңдарманымыз бар. Бас аман, аяқ жазылады Алла қаласа!» – деді Қыдырәлі Болманов.
«Өз тізгініме өзім иемін»
Сонымен қатар, Болманов жылқыға қатысты айтылған пікірлерге де тоқталды. Ол өзінің өмірлік ұстанымын білдіріп, ешкімнен ақыл сұрамайтынын айтты.
«Біреу мүсіркесін, біреу тақым туралы ақыл айтсын деген мақсат жоқ! Құдайға шүкір, өз тізгініме, өзім иемін. Жылқы қасиетті жануар, ат тізгінін ұстап, ауылда өскен баламын. Тақымың тас болса да, тізгініне ие болмасаң – лағып кетесің. Біреуге ақыл айтудан аулақпын. Әрқайсымыздың өз ақылымыз – өзімізге әзер жетеді. Рас қой? Жылқы қасиетті болғанымен – ол мал. Аласы да, құласы да бар. Бұл – ситуация! Шыбын шағып кетті ме, кім білсін», – деп түйіндеді сөзін продюсер.
-
A former top aide to Ukraine's President is under investigation for alleged involvement in a scheme to launder millions of dollars, impacting major state enterprises.