Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Президент мемлекеттік наградалар тапсырды


Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады.

«Әсіресе, мұнай-газ саласын өркендетуге мол еңбек сіңірдіңіз. Сіздің бастамаңызбен бұл сала жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. Министр, облыс әкімі, депутат ретінде ұлт мүддесіне адал қызмет еттіңіз. Дипломатия саласында жұмыс істеп, еліміздің халықаралық беделін нығайтуға атсалыстыңыз, – деді Мемлекет басшысы.


Сонымен қатар Президент білікті дәрігер, «алтын қолды хирург» ретінде Серік Тоқпановтың саналы ғұмырын ұлт саулығы үшін еңбек етуге арнағанына тоқталды.

– Денсаулық сақтау жүйесінде елу жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келесіз. Бұл – жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Сіз еңбек жолыңызда аса күрделі оталар жасап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалдыңыз. Қазақстанның медицина ғылымын дамытуға орасан зор үлес қостыңыз, – деді Тоқаев.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама