Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Президент Тоқаев маңызды әлеуметтік бастамаларды заң жүзінде бекітті

Mемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа заңға қол қойды.

Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер:
Енді қатерлі ісікке қарсы скринингтер барша азаматтарға тегін қолжетімді болады. Бұл қызмет үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу талабы қойылмайды. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі жандарға есту аппараттары тегін беріледі, бұл олардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартпақ.

Құмар ойындарға қатаң шектеулер енгізілді:
Жаңа заңға сәйкес, букмекерлік кеңселер жарнамасын телефон арқылы таратуға тыйым салынды. Сондай-ақ, интернет-платформалар арқылы құмар ойындарды насихаттауға шектеу қойылды. Бұдан бөлек, сотталған және бас бостандығы шектелген азаматтардың құмар ойындарға қатысуына жол берілмейді.

Бұл қадамдар елдегі әлеуметтік қауіпсіздік пен халық денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шешімдердің бірі ретінде бағаланып отыр.

 

---

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама