
- 09 мам. 2025 19:33
- 198
Путин президент Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевтың марапаттау парағын табыстады
Мәскеуде өткен кездесуде Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа оның әкесі Кемел Тоқаевқа қатысты тарихи құжат — марапаттау парағын табыстады. Құжатта Кемел Тоқаев Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғаны көрсетілген. Алайда ол атақ берілмеген.
Соған қарамастан, Кемел Тоқаевтың Польша аумағындағы ұрыстардағы ерлігі ескеріліп, ол ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.