- 02 жел. 2022 00:00
- 260
Путин Украинада ядролық қару қолдануы мүмкін бе?
Италиялық БАҚ-тың болжамынша, Ресей жақын уақытта "Посейдон" ядролық торпедасын қолдануы мүмкін. Ядролық қарумен жабдықталған, қашықтан басқарылатын суасты аппараты алысқа жетіп жарылып, ядролық цунами туғызады. Бұл торпеданы "ақырзаман қаруы" деп те атайды. The Times журналистері "ядролық сынақты поляр шеңберінің арғы жағында немесе Қара теңіз акваториясында "Белгород" суасты кемесінің экипажы жүргізуі мүмкін" деп болжайды.
Путин Украина шекарасына ядролық пойыз жібергені туралы деректер бар. Оны әдеттегі эшелон сияқты етіп жіберген, бағытын жер серігінен бақылау қиын, ал вагон ішінде баллистикалық зымыран мен тактикалық ядролық қару болуы мүмкін. Бұл – жою ауқымы бірнеше километрге ғана жететін, қуаты аз ядролық қару түрі деп жазды Азаттық Радиосы.
– Одан да мықты арсенал бар. Бұрынғыдай әлі сақтаулы тұрған шығар. Бұл қару кезінде СССР мен оның қарсыластарының артиллериясында болған атом снарядтары тобына жатады. Басқаша айтқанда, атом минасы. Кезінде Совет одағының диверсиялық топтарында бірнеше килотоннаға жететін ядролық құрылғылар болатын. Диверсантқа бұл құрылғыны жасырын түрде дұшпан жеріне жеткізіп, тастап кетіп, жарып жіберу жүктелетін, – дейді Ресей қорғаныс министрлігі ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы офицері Владимир Бекиш.