Пирамиданың құдіреті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ФИЛАЛЫ.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №23 ОРТА МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ «СОЗИДАТЕЛЬ» ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ.
Тақырыбы: «Пирамиданың құдіреті»
Бағыты: Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны
Бөлімі: физика
Дайындаған: Темірбек Айжан, №23 орта мектеп-лицейінің 9 «Ә» класс оқушысы.
Ғылыми жетекшісі: Набиева М.С, №23 орта мектеп-лицейінің мұғалімі
Ақтөбе, 2014 жыл
Ақтөбе қаласы, №23 орта мектеп-лицейінің 9 «Ә» класс оқушысы Темірбек Айжанның «Пирамиданың құдіреті» атты зерттеу жұмысына
ПІКІР
Оқушы Темірбек Айжан «Пирамиданың құдіреті» атты зерттеу жұмысының бірінші тарауында пирамидаға жалпы түсінік бере отырып олардың таралу және кездесетін жерлеріне тоқталып өткен.
Екінші тарауында пирамиданың жағымды энергияларының әсерлерін тәжірибе арқылы зерттеп көз жеткізе білген. Пирамида туралы басқа да пікірлерді талқылай келе бір тоқтамға келді.
Жұмыстың әрбір тарауы логикалық түрде қорытындыланған. Тақырып өзекті және одан әрі зерттеуді қажет етеді. Жұмыс нәтижелері көтерілген мәселенің алғы шарты болып табылады.
№23 орта мектеп-лицейінің
Физика және математика пәні мұғалімі: Набиева М.С.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ТАРАУ ПИРАМИДА ТУРАЛЫ БІЛЕТІНІМІЗ................................5
1.1 Хеопс пирамидасының сырлары......................................................5
1.2 Пирамидалар.......................................................................................8
1.3 Таңғаларлық деректер...................................................................... 10
1.4 Хеопс пирамидасының ішіндегі құпиялар......................................13
2 ТАРАУ. ПИРАМИДАНЫҢ ҚҰДІРЕТІ.............................................15
2.1 Пирамиданың құдіреті......................................................................15
2.2 Пирамиданың жасырын күші........................................................ 17
ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................20
ІІІ. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................................22
Абстракт
Адамзат алғаш жаралғалы бері қоршаған орта-әлемнің жұмбак құбылыстарын өз өмірін жеңілдетудің жолдарын іздестірумен келеді.Алайда адамзат технократиялық даму жолын таңдап , ақыл мен сезімді қатар алып жүрудің орнына олардың арасын алшақтатып, бөліп жібергендіктен талай жәйттар сыңар жақты зерттеліп, көптеген құбылыстар ғасырлар бойы жұмбак сырын жасырып ұстап, ашылмай-ақ келеді.Солардың бірі-әлемнің жеті кереметтерінің бірінен саналатын ежелгі Египет пирамидалары туралы айтылмаған гипотеза,болжамдар сирек болар. Бұл болжамдардың дені пирамидалар - бізге жатнысандықтардан қалған сый-мұра дегенге саяды.
Ғалымдардың пайымдауынша, пирамиданың өзіндік қасиеті бар. Елуінші жылдардың аяғында әуелі чех өнерпазы К.Дрбал, одан кейін басқа да ғалымдар «Пирамиданың әрекет-әсерін» зерттеп, нақты бар болғанымен, түсінуге келмейтін бірқатар тосын жағдайлардың бетін ашқан-ды. Соның бір шоғыры мынандай: ерітпе кофе пирамиданың астында біраз тұрса, табиғи кофе тәрізді дәмі шығады, арзан сигареттер хош иістеніп, ең бағалы сигареттерден ажырағыссыз болып шығады, балық, ет, жұмыртқа сияқты өнімдер бұзылмай, тек қатып, семіп қалады, су борсымайды, сүт көпке дейін ашымайды, сыр көгермейді, пирамида астында су құйып тұрса, қиып салған гүл отыз екі күнге дейін солмайды, кір, тот басқан зергерлік заттар өз-өзінен тазарады, «пирамида» суымен жуса шаштағы ақ кетеді. Күніне ең болмаса он бес минут пирамида астында тұрған адамның көңілі көтеріліп, сергіп, тыңайып қалады.
Пирамида мұндай керемет қасиетке не себепті ие болып отыр? Бұл әлі күнге дейін жұмбақ сыры ашылмаған құпия. Пирамиданың біз жоғарыда әңгіме еткен таңғажайып қасиеттеріне тәнті болған батыстағы көптеген фирмалар қазір құрылымы алуан түрлі «тұрмыстық пирамидаларды» жасап, халық игілігіне жаратуда.
Кіріспе
Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Негізінен, пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадат-хана тұғыры, космологиялық құрылыстар) Орталық және Оңтүстік Африка жерінде (біздің замаңымыздың 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Халық арасында: «Тіршілік уа-қыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады», - деген қанатты сөз бар. Бұл пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады.
Әлемнің алғашқы жеті кереметінің ең ғажайыбы – Египет пирамидасы. Ол – біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр бұрын салынған Египет патшаларының мазары. Ең биігі – 146 метр. Византиялық Филон жазып кеткен әлемдегі жеті кереметтің біріншісі осы Египет пирамидасының біз білетін тарихы: мұнан бес мың жылдай бұрын, біздің дәуірімізге дейінгі 2700 жылдары перғауын Хеопстың бұйрығымен алғашқы пирамида құрылысы басталып, кейіннен үлкенді, кішілі бірнеше пирамида салынды. Пирамида ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде (Гизадағы Хеопс пирамидасы және тағы да басқалары) тұрғызылғанымен, кейбір пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы ролін де атқарды.
Қай халық та мемориалдық сәулет құрылыстарын өзінің сол кездегі діни түсінігіне және қоғамдағы әлеуметтік жағдай-ға байланысты салып отырған. Әлемдегі дамыған мәдениет ошағы болып саналатын көне Мысырда дін құрылыстарға да әсер етіп, мұнда мәдениет дінмен бірге өркендеді. Бұрын мысырлықтар үйінде де құлшылық бөлмесін жасап қойып, қалада да, көшеде де, егістікте де, ауылдарда да ғибадатханалар жұмыс істеп тұрды. Мұнда дін мысырлықтар-дың ой-пікірін басқарып, олар өлгеннен соң қайта тірілетініне қатты сенді. Халық Зурис – Ніл өзенінің тәңірі, Ра – күн тәңірі деп ойлады. Діннің әсер етуімен перғауындардың қабірі ретінде пирамидаларды салып, өлген адамның денесін ақыретке дейін сақтау үшін мумияны ойлап тапты.
Иә, Египеттегі көне заманғы дінде о дүниедегі өмір жөніндегі наным-сенім ерекше мән-маңызға ие болып, ол пирамидалар мен ғибадатханалардың стилін қалыптастыруға, дамытуға, ежелгі Египеттегі сәулет өнерінің өркендеуіне игі ықпалын жасады. Ежелгі египеттіктердің діни ілімі бойынша, адамның жаны бірнешеу болады деп есептеледі.
Византиялық Филон әлемдегі кереметтердің қатарында «Мемфистегі пирамидаларды» атаса, пирамидалардың ішіндегі ең көнесі – мұнан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Джосер перғауынның пирамидасы. Оны тұрғызушы перғауынның кеңесшісі болған сәулеткер әрі дәрігер, астроном, жазушы, ежелгі заманның ақылгөйі Имхотеп. Мысырлықтар Имхотепті тіпті арбаушы әрі сиқыршы санаған, сөйтіп кейін оның құрметіне храмдар тұрғызып, мүсіндер де орнатқан. Жасыратыны жоқ, кейбіреулер әлемдегі керемет деп Гизадағы Хеопстың Үлкен пирамидасын жатқызады. Қалай болғанда да пирамидалардың әуелдегі қызметтерінің бірі – ішіне жасырылған мумияны кез келген дұшпаннан, кез келген шабуылдан, марқұмның «тынышын» алудан сақтап тұру болатын.
1-тарау. ПИРАМИДА ТУРАЛЫ БІЛЕТІНІМІЗ
1.1 Хеопс пирамидасының сырлары
Мысырдың ғажайып өнері әлемдегі басқа мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Солар арқылы көне мәдени-рухани байлық жөнінде біршама толығырақ мәлімет алуға болады.
Мысырдағы қашқындар
Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері, шамамен, б. з. д. IV мыңжылдықтарда пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, біртіндеп қүл иеленуші мемлекеттер құрыла бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы анасы болып келген Ніл дариясы енді қүл иеленушілердің меншігіне айналды.
Б. з. д. IV мыңжылдықтың екінші жарытысында Мысыр жерінде екі құл иеленуші мемлекет — Оңтүстік және Солтүстік патшалығы ірге көтерді. Б. з. д. III мыңжылдықта Солтүстік патшалығы ұзақ жылғы соғыстан кейін Оңтүстік патшалыққа бағынып, тұтас Мысыр мемлекеті құрылды. Осы кезеңде мәдениет пен өнер біраз дамыды. Тасқа ойылып, қашалып жасалынатын бедерлеу өнері барынша өріс алды.
Сызу мен сурет салуға бейімі бар адамдар өз заманындағы қоғамдық құрылысты, соғыс қимылдарын, патша жорықтарын қайрак тастарға бейнелеп түсіріп отырды. Бір жағынан, тарихи жылнамалық белгі болып табылатын, екіншіден, өнердің озық ескерткіші саналатын бедерлеме суреті бар тақта тастың бірі — Нармер тақтасы.
Бұл өнер ескерткіші сол дәуірде болған белгілі тарихи кезеңді ашып көрсетеді. Тақтада Солтүстік патшалығын тізе бүктірген Нармер патшаның әскери жорығы, жеңісі айшықты бейнелермен шебер берілген. Тақтадағы мүсіншінің құрылымдық шешімі, тақта бетіндегі ұтымды бейнелік тәсіл көрген адамды бірден баурап алады. Бұл тарихи өнер көзі - Ежелгі Мысыр өнерінің ең бір айтулы ескерткіші болып табылады.
Гизадағы Хеопс пирамидасы. Б.з.б 2560 жылы салынған. Әлемдегі ең ежелгі пирамидалардың бірі.
Осыдан кейінгі кезеңдерде де Мысыр патшалығы нығайып, перғауындар билігі арта түсті. Бар байлықты қолдарына жинаған патшалар әулеті Мысырда ірі қалалар, ауқымды сәулет кешендері гибадатханалар ашуды қолға алды. Мұндай мәдени өзгерістер перғауын Жосердің тұсында кең етек алды. Сол кездегі Мысыр патшалығының орталығы, әлемдегі ең көне қаланың бірі Мемфис гүлденіп, өркендеді. Мемфисте сәулет өнерінің алғашқы үлгілері пайда болды. Дәл осы кезеңде Мысыр әдебиетінің алтын тамыры болып табылатын "Птаха" Құдайы туралы жазылған діни-философиялық шығарма өмірге келді. Сөйтіп, ғылымы мен өнері, әдебиеті, жаңа тұрпаттағы инженерлік құрылыстары барынша дамыды. Сол замандағы өркендеген мәдениет пен өнердің жемісі ретінде Жосер пирамидасы салынды. Жосер пирамидасы Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқы қарлығашы болып табылады. Бұл сәулет өнеріне үлкен бетбұрыс әкеліп, тың инженерлік жүйенің пайда болуына жол ашты. Егер бұрын Мысыр сәулет кешендері бір қабатты мастабалардан тұратын болса, бұл пирамида бақандай жеті мастабадан тұратын зәулім сәулет кешенін құрады. Сондықтан да оны "сатылы пирамида" деп атады. Пирамиданың биіктігі 60 метрге дейін жетті. Мысырда мұндай алып құрылыстардың салынуы діни нанымға да байланысты болды. Бұдан ертеректе де Мысырда атақты, айбынды адамдардың, патшалардың бастарына алып ескерткіштер қою кең таралған. Олардың сенімі бойынша патшалардың басына қаншалықты бағалы ескерткіш қойса, қарапайым халыққа, бүкіл елге оның рақымы түсіп, ұдайы желеп-жебеп отырады-мыс.
Екінші жағынан, перғауындар қарапайым халыққа өз үстемдігін жүргізу үшін, өздерінің құдіреттілігін таныту үшін де осындай ескерткіштер салуға мүдделі болды. Осы дәстүр Мысырдың сәулет өнерін өрі қарай дамытып, атақты пирамидалар дәуірін тудырды.
Жосер сәулет кешенінен бастау алған "пирамидалар дәуірі" б.з. д. VII ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетті. Пирамидалардың ішіндегі ең әйгілі өрі атақтысы Хуфу (Хеопс) және Хафра (Хефрен), Менкаура (Мекерин) тұрғызылды. Ніл жағасындағы Гизе жазығында орналасқан осы үш пирамиданы "Гизе пирамидалар қорымы" деп атайды. Пирамидалар қорымындағы ең атақтысы — Хуфу (Хеопс) ғибадатханасы үлкен сәулет кешені. Оны Мысыр перғауыны Хеопс (б.з.д. III мыңжылдықтың бірінші жартысы) салдырған. Перғауын өзінің өмір бойы жинаған бар қазынасына осындай керемет құрылыс салғызып, тұрғындарға тарту еткен. Пирамиданы салдыру үшін он жыл бойы Ніл дариясының ішкі жазығына дейін жол төселген. Мыңдаған құлдардың ауыр еңбегі жұмсалған үлкен кұрылыс жиырма жыл бойы жүргізілген деген болжам бар.
1.2 Пирамидалар
Пирамиданың аумағы мен зәулім кұрылысына тең келер тас құрылыс бүкіл әлемде жоқтың қасы. Оның биіктігі 147 метрге жетсе, ал қырларының ұзындығы 235 метрге жетеді. Ғаламат тас кесектерден әдемілеп өрілген сәулет ескерткіші бес мың жыл бойы әлі мызғымай сол күйі сақталғаны мәлім. Осындай алып кұрылысты басқарған сәулетші Xемиун еңбегі орасан зор болды. Мысыр елі кейінгі ғасырларда да дүниежүзілік мәдениет пән өнерге өлмес мұра қалдырды. Сондай сәулет өнерінің бірі — б.з. д. XX—XIII ғасырларда салынған Қарнақ гибадатханасы. Оны сол кездегі ел басқарған ұлы перғауын III Аменхотеп салдырды. Патша сәулетшілерден бұл ғибадатхананың ешбір құрылысқа теңдеусіз ерекше болуын талап етті. Шынында да, ғибадатхана бұрын-соңды жер бетінде болмаған ауқымды құрылыс болды. Амон — Күн Құдайына арнап тұрғызылған храм — бірнеше ғасырлар бойы салынды. Адам сенгісіз, биіктігі 20 м, диаметрі 4 м болатын тас бағаналардан тұрғызылған гипостиль — колонналы залдан тұратын ғибадатхананы тіршіліктен тыс бір күш тұрғызғандай әсер береді. Оның сұстылығы мен керемет зәулімділігі, бағаналар мен керегесіндегі, маңдайшаларындағы шымшытырық көптеген жазу мен бедерлеме суреттері көрген адамдарды таңдандырып, тұңғиық қиял-ойға батырып, өзіне табындырып, құдіреттілігіне бас игізеді. Ғибадатхананың негізгі сарайының ұзындығы — 103 м, ені — 53 м, барлығы 140 бағаналардан тұрғызылған. Қарнақ құрылысы өзінен кейінгі әлемдегі сәулет өнерінің тарихына үлкен бетбұрыс әкелді, бағаналы кұрылыстардың дамуына жол ашып, үлгі болды. Кейінгі дәуірлерде тұрғызылған сәулет өнерінің қайталанбас маржандары саналатын Афины акрополі, Парфенон, Гера храмдары соның айғағы.
Мысыр тарихына көз жүгіртер болсақ, қай дәуірде болмасын ондағы сәулет ғимараттары мен мүсін өнері бір-бірімен сабақтасып, бірге дамып отырған. Гизе пирамидаларын, оның корғаушысы сиякты айбынды да асқақ Хефрен сфинксінсіз, Қарнак, Луксор алдындағы Құдай бейнелі мүсіндерсіз елестету ешбір мүмкін емес. Олар бірін-бірі толықтырып, жарасым тауып тұрған ғажап дүниелер.
Мүсін өнерінің ішінде өзінің көнелігімен де, асқақтаған ауқымдылығымен де Хефрен сфинксі ерекше көзге түседі. Денесі арыстан бейнесінде салынып, бас жағы перғауын Хефрен кейпін елестететін асыл ескерткіштің негізі табиғи гранит тастан қашалып жасалған. Осынау Хефрен мүсінінен бастау алған Мысырдың монументальді ескерткіш белгілері жан-жақты дамып, жайдақ бедерлеме өнерде де, керегелік-росписьтік өнерде де өзінің канондық ерекшелік өлшемділігін қатаң сақтап отырған. Әсіресе бедерлеме, келбеттік өнер туындыларында бейнелеу ағымы ерекше жетістіктерге жеткен. Оны біздің заманымызға дейінгі III мыңжылдықта жасалған сәулетші Хесирдің бейнесінен байқауға болады. Онда Мысыр өнеріне тән қасиет, нақты ережелер толық сакталған.
Бұл бейнелеу тәсілінің өміршендігі сондай, бірнеше ғасырлар бойы жан-жаққа тарап, әр ел өнерінің дамуының тарихына игі ықпалын тигізді.
Ежелгі Мысыр тарихы бірнеше кезеңдерден тұрады.
1.3 Таңғаларлық деректер
Пирамиданы адам салғаны рас па?
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады. Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.
Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.
Пирамидалар қалай салынды?
Ең әуелі пирамидалардың өте дәлдікпен салынғаны таңғалдырады. Соншама көп тастардың қандай жолмен өңделіп, қалай жеткізіліп, қалайша қаланғаны да жұмбақ. Геометриялық орналасуы да ғажап: оның төрт жағы дүниенің төрт бұрышына бағытталған, бар-жоғы 8 минуттық ауытқу байқалады. (20 см). Ал, Хеопске көрші 143,5 метрлік биік Хафр пирамидасы, келесі 65 метрлік Менкаур пирамидасы үшеуі биіктен қарағанда, батысқа қарай дәл өлшеммен шұбырта бағытталып салынған .Хеопс пен Менкаур пирамидаларына қатарласа қаз-қатар үш-үш кіші пирамидалар орналасқан. Ол перғауындардың әйелдері мен апа-қарындастарына арналған молалар болған. Олардың да өзара өлшем ұқсастықтары егіз тамшыдай. Хафрдың тұсына таман салынған адам басты, арыстан денелі 20 метрлік әйгілі алып Сфинкс тұтас жартастан қашалып жасалынған Қарапайым құрал-саймандармен мұншама сұсты дүниелерді қалай салғаны туралы дәлелді болжамдар ғана айтылады. Әйтпесе, сырлы жұмбақтар сол алып тастармен бірге қаланып, уақыт қойнауына мәңгі жұтылып кеткенге ұқсайды. Пирамидаларды салмас бұрын оның тұратын орны тегістелген. Мінсіз тегістеу үшін құрылыс алаңына су жіберілген. Құрылыс алаңы дымқылданып, жібіген соң торкөз жыралар қазылған. Жыралардың тереңдігі бірдей болу үшін арнайы таяқтармен өлшеп теңестіріп отырған (3-сурет). Су тартылған кезде жыраларда шамалы су қалдырылған. Осылайша судың көмегімен жібітілген тасты қыртыстарды түгел тегістеген. Әрі жырадағы қалдырылған судың деңгейін бір тегіс өлшем үшін құрал ретінде қолданған. Осылайша тегістелгендіктен пирамида бір сызат түсіп жарылмай, сәл қисайып ауытқымастан мызғымай тұр. Хеопс пирамидасын салуға пайдаланылатын тастар Гизадан оңтүстікке қарай 300 метр қашықтықта болған. Жұмысшылар жартастарды бөліп алу үшін оның жарықтарына ағаш қазықтар қағып, су құйған. Ісінген қазықтар жартастарды оңай бөліп жіберетін. Бөлінген тасблоктарды құлату үшін ағаш иінтіректер мен берік арқандар пайдаланылған (5-сурет). Алып тасблоктар аунап түскен кезде, жылжытып әкету үшін астына тізілген жұмыр ағаштар қойылған. Тасты өндіруге 1200 жұмысшы қатысқан. Тастар Ніл өзені және арна арқылы құрылыс алаңына жеткізіліп отырған. Бұл тастар жағада өңдеуден өткізіліп ағаш шаналарға тиелетін. Пирамиданың биіктеуіне сәйкестіре отырып, балшық кірпіштерден көлбеу саты-жолдар жасалған. Оған жұмыр ағаштар төселіп, тас тиелген шаналардың әрбірін екі қатар тұрған 24 жұмысшы арқанмен тартып биікке шығарған (4-сурет). Қалайтын алаңға жеткізген соң ағаш иінтірек, арқан, төселген жұмыр ағаштар арқылы керек жерге тасты орналастыратын. Мұндай құрылысқа бір кезекте 20 мыңдай адам жұмылдырылған. Пирамиданы салуға Хеопстың ұлы Хафр өзі басшылық етті, ал сәулетшілер, ерекше талантты өнертапқыштар таңдалып отырған.
1.4 Хеопс пирамидасының ішіндегі құпиялар
Хеопста басқа пирамидаларға қарағанда ішкі ауа жолдары мен камералар өте көп. Олардың бәрі фотокамера-роботтар арқылы зерттелсе де, жұмбақ нәрселер әлі де жетерлік. Пирамиданың дәл ортасына патша камерасы орналастырылған. Оның ұзындығы - 10,6 м, ені - 5,3 м, биіктігі - 5,9 м. Оның үстінде және 5 шағын камера бар. Олар қабір камерасын басып тұрған салмақты жеңілдетеді және оны бұзылудан қорғайды. Камералардың аралығындағы гранит тақталарға Хуфудың өз аты және шеберлердің аты ойылып жазылған. Хуфудың мәйітіне арналған тас саркофагін камерадан шығарып әкету мүмкін емес, оның көлемі камераға кіретін есіктен үлкен. Бұл оның алдын ала орналастырылғанын көрсетеді (6-сурет). Патша камерасына ауа ағыны солтүстіктен және Орион жұлдызы бағытынан келіп кіреді. Бұл фараонның жаны жұлдызға көтерілсін деген тілектен туған. Фараонның мәйіті 43,3 метрлік кемемен молаға әкелінген. Пирамиданың іргесіндегі ғибадатханада жерлеу рәсімі жасалған соң, мәйіт жерасты жолымен патша камерасына жеткізілген. Оған кірген жұмысшылар мен абыздар жерасты жолына қарай түскен соң, қайтарда шығар жерді гранит тақталармен білінбейтіндей етіп бекітіп кететін. Ал, патша камерамен жалғасып жатқан «Үлкен галерея» деп аталатын ұзындығы 46,7 м, ені 2,1 м ұзын дәлізді қарақшылардан қорғау үшін үш гранит тақтамен бөгеп қойған. Оған солтүстік жақтан келіп кіретін есік әктасты қаптауыштың астында құпия жасырылған. Патша камерасынан төменіректе ханшайым камерасы да болған. Оған да 2 ауа жолы және жер астына түскен соң екіге айырылатын бөлек дәліз жасалған. Бірақ, оған ханшайымның мәйіті қойылмаған, Фараонның мүсіні сақталған. Бұл да - шешуі жоқ жұмбақтардың бірі. Қазір бұл пирамидалар қалашығы саяхатшылардың сүйікті мекеніне айналып отыр. Түнге қарай онда сиқырлы музыкалар ойналып, төрт жағынан көз тартарлық лазер сәулесі түсіріліп тұрады. Пирамидада әлі де қазба мен қалпына келтіру жұмыстары бір толастамайды
Пирамиданы не үшін салған?
Ғажайып пирамиданы салдырған қандай күш? Әрине, осындай идеяны ең алдымен өмірге әкелген адамның өз рухы екені талассыз. Ал, адамның рухында мәңгілікке деген құштарлық бар. Ол - адамға Жаратушыдан берілген. Мәңгі дүниенің бар екендігінің нышаны осыдан білінеді. Яғни, өтпелі мынау дүниені емес, ақырсыз ақирет дүниесін адам өз рухынан тануына жол ашылған. Алайда, адамдар мәңгілікті бұ дүниеден іздеген. «Өлместің суы», «Қорқыттың көрі», «Самұрық құс»...осыдан шыққан. Перғауын секілді жарты әлемді билегендер де жанталасып, мәңгі жоғалып кетпеудің амалын іздеген. Бірақ, осындай рухтың иесі болған мәртебелі фараондар өзіне рух дарытқан Ұлы иесін тани алған ба? Рас, оны тани алғанда, мәңгілікке қалудың амалын бұл дүниеден шарқ ұрып іздемес еді. Жаны шығып кеткен мәйітін мумиялатып әуреге түспес еді. Жүз мыңдаған жұмысшы құлдардың қан мен терін ағызып, тас зәулім салғызбас еді. «Мәңгілік» деп өзін алдаусыратқан асқан берік гранит тастардың терең қуысына өз атын жазғызып, зергерлерді азапқа салмас еді.
2 ТАРАУ. ПИРАМИДАНЫҢ ҚҰДІРЕТІ
2.1 Пирамиданың құдіреті
Ғалымдардың пайымдауынша, пирамиданың өзіндік қасиеті бар. Елуінші жылдардың аяғында әуелі чех өнерпазы К.Дрбал, одан кейін басқа да ғалымдар «Пирамиданың әрекет-әсерін» зерттеп, нақты бар болғанымен, түсінуге келмейтін бірқатар тосын жағдайлардың бетін ашқан-ды.
Батыс Еуропа елдерінде соңғы жылдары Египет пирамидаларының адамның ақыл санасынын тыс , тылсым күштеріне сенетін әртүрлі ағым, секталар жұмыс істеуде.Соның бірі – «Көтеріліп келе жатқан Атланттар» деп аталатын секта.
Профессор, дәрігер, философ, социологтардың басын біріктірген бұл сектаның мүшелері өздерін бар жоғы бір түннің ішінде жер бетінен ғайып болып , сіңген ежелгі атланттардың ұрпағымыз деп есептейді.Апаттан аман қалған атланттар египет жеріне қоныс теуіп, ілім-білімдерін пайдалана отырып ,египет пирамидаларын салып , «ұлы пирамида»-Хеопс пирамидасының түбінде өз өркениеттерінің кілті болып табылар құпия сыр-құдыретті күшті чатқа түсіріп тығып кеткен деп сенеді секта мүшелері.Жалпы , Хеопс пирамидасына қатысты қилы-қилы болжамдардың бірі пирамиданы көрген жандардың тағдырына , жан-дүниесіне оның жасырын түрде өз әсерін тигізетіні туралы болжам.Ұлы пирамидадан тек қызық яки дүние-мүлік, байлық іздеген жандар оның жазасына ұшырайды дей келіп, кейбір шетелдік ғалымдар XIX-шы ғасырдың белгілі коллекционер, контробандылары болған Дроветт , Бельцони , Солта т.б. қайғылы тағдырларын мысал ретінде келтіреді.Иә , Египет пирамидаларының жасырын жұмбақ сырлары көп. Сол сырларға кілттің бірі олардың құрылыс ,құрылымында жатқан тәрізді. Ал оның авторлары, архитекторлары кімдер болғаны бәлкім, болашақта шешіле жатар.
1959 жылы Карел Дрбал есімді чехославакиялық радиоинженер Хеопс пирамидасында кездейсоқ ұмыт қалдырылған көнерген ұстара жүзінің небары бір-ақ түнде су жаңа әрі қылшылдаған өткір болып шыға келгенін көріп ,таң-тамаша қалған-ды.Ғалымға тәң әуесқойлықпен бұл құбылысқа бірден ден қойып , экспримент жасауға кіріскен Карел Дрбал бұл жаңалықты өндіріске енгізіп, Хеопс пирамидасының үлгісін жасап ,ұстара жүзін қайрауға қолдану арқылы өз жаңалығын «Ұстара жүзін хеопс әдісімен қайрау»деп атап ,көп ұзамай оған Чехословакия үкіметінен арнайы патент алып үлгерген еді.Бір ғажабы ,бұндай әдіспен қайраған стандартты ұстара жүзі 200 реттен артық қолдануға келеді екен.Уақыт өте келе пирамиданың бұдан да басқа қасиеттері ашылды.Алайда оларға оларға тоқталмас бұрын бір жәйтты естеріңізге сала кетсек дейміз.Пирамиданың ақылға сыймас таңғажайып қасиеттерін пайдаланып ,өз иелігіне жарату кез келген адамның қолынан келетін іс.Бұл үшін пирамиданың үлгі-бейнесін қолдан жасап ,үй ішіне немесе аулага орналастырсаңыз болғаны.Көлемі әркімнің қалауына байланысты және оны белгілі бір шартты материалдан емес ,ағаш ,темір ,пластмасса ,қатты қағаз т.б.заттардан жасай беруге болады.Қолдан құрастырылған пирамиданың ішіне енген адам өзгеге ұқсамайтын ,ерекше әлемге енгенін сезінетінін жиі айтады. «Пирамидаға кірген бетте бей-жай бір рахат сезім бойынды билеп ,сыртқы әлеммен байланысын үзіліп жүре береді.Көңілің жайланып ,жан-жағыңнан қоршап ,қорғап тұрған энергетикалық өрісті айқын сезінесің.Ол өріс, әсіресе пирамиданың қақ ортасында аса қатты әсер етіп ,бойыңа тың күш-қуат құяды.Оның ішінде небары бірер сәтке мызғып алғанның өзінде ұйқың қанып , тыңайып оянасың»,-дейді олар өз әсерлерімен бөлісе келіп.Пирамидада болған жандар көзге көрінбейтін қорғаушы періштелердің қастарында болғандарын баса айтады. «Оның ішінде қорқыныш, үрей ,ашу-ыза атаулыдан біржола арылып жүйкең тынығып дем алып шығасың»-дейді олар.
2.2 Пирамиданың жасырын күші
«Пирамидалардың жасырын күші» атты кітапта көпжылдық зерттеулердің нәтижелерін қорытындылай ,тұжырымдай келіп Вил Шал мен Эд Петит оның суға ,өсімдіктерге және күнделікті қолданылатын тағамдарға тигізер әсерлеріне айрықша тоқталады.Пирамидада 10-14 күн көлемінде сақталған су әртүрлі қасиеттерге ие болады –деп жазады олар.Оның мысалы бетке жағатын лосьонның орнына қолданса ,адамның өңі жасарып ,жайнап жүре береді ,ал шашыңызды жусаңыз ,толқындаған жұмсақ әрі қалың ,қолаң шашқа айналатыны сондай, өзіңіз танымай қаласыз.Пирамидаға қойылып, өнделген сумен суарылған өсімдіктер әдеттіге қарағанда жеделірек өседі және олардың сапасы да жай сумен қоректенген өсімдіктерден әлдеқайда жоғары.Бұл тектес эксперименттерді жануарларға ,аңдарға ,аквариумдағы балықтарға қолданып, пирамида суының оларға тигізер әсерін бақылап көруге болады.Сондай-ақ сағағынан үзілген гүлдерді гүл сауытқа салып ,пирамидаға қойса олар ұзақ уақыт көлемінде солмай сақталып тұра береді.Пирамидадан алынған су кәдімгі суға қарағанда дәмдірек, тұщырақ екенін айтпағанның өзінде асқазанға ас корыту органдарына анағұрлым пайдалы,-деп жазады американдық ғалымдар.Ол өмірлік қуат (энергия) береді.Суға қатысты айтар соңғы мәліметтің қала тұрғындарына жәрдемі тиюі де ғажап емес, пирамидада 10 күн немесе 2 апта көлемінде сақталған су хлор тәріздес адам ағзасына зиянды қосылыстардан тазарып ,табиғи қалпына қайта енеді екен.Пирамиданың бұл қасиеті тек суға ғана емес сонымен қатар тағамдарға да қатысты талай рет байқалған-ды.Пирамидаға салынған тағамдар ұзақ уақыт көлемінде сақталып қана коймай сапасын, дәмін арттыратыны жайлы да жиі жазылуда.Бірер күнде бұзылып ашып кететін сүттің өзі онда бірнеше ай бойы бұзылмай тұрып ,тек сосын ғана тіл үйірген дәмді айранға айналады екен.Бір ғажабы темір ыдысқа салынған не құйылған тағам көпке шыдамай бұзылып кетеді екен.Темір қышқылы пирамида энергиясының белгілі бір бөлігін өзіне тартып жұтып алатын сияқты ,-деп шамалайды эксперимент жасаушылар.Пирамиданын ішінде шыны ,пластмасса ,казеин т.б. ыдыстарға салынған тағамдар ұзақ уақыт бойы сақтала береді.Тек алюминий немесе темір болмаса болғаны.Сондай-ақ оны тоңазытқыш ретіндеде пайдалануға болады.Сонымен қатар пирамиданың дәрігер-емшінің рөлін атқарып, дәрігерлер кеспекші болған саусақтың шінде бәз-баяғы сау қалпына келтіргені туралы оқиға да белгілі.Бұл оқиға «Пирамидалардың жасырын күші» кітабының авторларынын бірі Эд Петиттің басынан өткен еді.
Назар аударуға тұратын тағы бір жәйт, пирамидаға ұшып кірген жәндіктер онда бір сәтке де бөгелмей бірден кері ұшып шығады екен.Бұның сырын анықтау үшін американдық ғалымдар арнайы эксперимент жасап ,екі ыдысқа сүт құйып ,оның бірін пирамиданың ішіне, енді бірін сыртына қойып құмырсқаларды екі топқа бөліп, бірін пирамиданың ішіне, бірін сыртына жібереді.Іштегі құмырсқалар сүтті бір иіскеп, тысқа шыққанда екінші топқа қосылған.Бұл құбылыстың да дәләлді ,дәйекті түсіндірмесі табылмай келе жатса да ғалымдар пирамиданың жәндіктерді кері тебетін күші бар-ау деп жобалайды.Бөлмеде орнатылған пирамиданың сол бөлменің энергетика-қуат өрісін айтарлықтай өзгертетіні де көптен бері байқалып келе жатқан жағдай.Ол өріс әсіресе ,пирамиданың ұшар басында қатты аңғарылады –дейді зерттеуші ғалымдар.Пирамиданың ішінде қуат өрісі күшейгенде оның жоғарғы жағында жарқыраған сәуле пайда болатынын да бақылаған жандар бар.
Сонымен ,пирамида дегеніміз не ?
Оның жасырын құпия күш қуатынын түп-төркіні неде.Бұл сұраққа пирамида құрылымын ондаған жылдар бойы зерттеген Карел Дрбал былай деп жауап береді. «Біздің көңіл күйіміз, жұмыс қабілетіміз, денсаулығымыз қандай бейнелі үйде өмір сүріп, уақытымызды өткізетінімізге тікелей байланысты. Куб бейнелі (төртбұрыш) үйлерден гөрі пирамида бейнелес үйлерде өмір сүру тиімді болмақ.Расында да торға салынған аңдарды пирамидаға көшіріп бақылау жүргізгенде олардың күш қуаты көбейіп, көңіл күйі көтеріліп, тәбеттері артқаны аңғарылған.Ал сол торды дәл сол материалдан жасалынған куб бейнелі бөлмеге ауыстырғнда аңдар аяқ-асты өзгеріп, тәбеттері жоғалып, көңіл күйлері төмендеп кеткен.Осының өзі Карел Дрбалдын көп жылғы зерттеулерге негізделген тұжырымын дәлелдеп, дәйектеп тұрғандай.
Жоғарылап биіктеген сайын сүйірленіп, үшкірлене беретін пирамида құрылымының өзі таза қуат, өрісті көп мөлшерде жиып алып , тоғыстырып, таратар аккумулятор әрі генератор рөлін атқаруға негізделген болар.
Мәскеудегі Пушинск зерттеу институтының ғалымдары «Әр үйге –кіші пирамида керек» деген шешімге келіпті. Шынылы пластикадан құрастырылған мұндай пирамида адам ағзасын сауықтыруға бірден-бір көмекші екен, одан да басқа жаңалықтары жеткілікті.
Пирамиданың ішкі кеңістігі, ауа қысымының үйлесімділігі , бұрыштарының өлшемі, симметриялы кескіндемелері Ежелгі Мысыр пирамидаларының кіші үлгісіндей.Оң зарядтты энергетикалық қуаты да ұқсас.Тек қуат күшінің дәрежесі оның биіктігіне қарай әртүрлі. Мәселен , 11 метрлік пирамиданың энегетикалық қуаты 44 метрлік пирамиданың қуат күшінен 4 есе кем.
Мәскеулік дәрігер В.А.Гройсман кіші үлгідегі пирамидаларды науқастарды емдеуге пайдаланып жүргенін тілге тиек етеді.
Қанының құрамында ақ түйіршігі көбейген немесе иммунитеті төмен я болмаса тері ауруларына шалдыққыш жандарға пирамида таптырмайтын көмекші дейді дәрігер.Ол үшін шағын пирамиданы адамның жұмыс істеу столы үстіне немесе төсегінің жанына қойса жеткілікті.
Шынылы пластикалық пирамида төртбұрышты тұғырда тұрады.Оны қолдану үшін аудан көлемін нақты білу шарт.Мәселен, саяжай төңірегіне қойылған 11 метрлік пирамида қуаты шамамен 50 метрдей қашықтықты түгел қамтиды.Топырақтың құнарлығы жақсарады.Жеміс ағаштары жылдағыдан мол сала бастайды. Гүлдер жайқала көтеріліп , емдік шөптердің сапалық маңызы кәдімгідей артатыны анықталған.
Орталық теледидардан сөйлеген ғарышкер-ұшқыш Г.М.Гречко дәрігерлердің кеңесімен алып пирамиданың маңында белгілі уақыт бойы жүріп тұруы нәтижесінде шашының қалыңдап, қарайғанын айтып көрсетті.Толық қараюы үшін емді әлі де жалғастыруым керек,- дейді ғарышкер.
Қорытынды
Имандылық бағытындағы еңбектерде Ежелгі Мысыр жеріндегі пирамиданы төрт бетін ғаламды жаратушы құдыреттің төрт қырына ұқсатуы да кездейсоқ емес.Адамзаттың ұшқыр ойына нәр болар бұл ұқсастықтар келер ұрпақ легіне жаңа міңдеттер жүктейді.
Пирамиданың таңғажайып құпия сырға толылығы, оның қуыстарының, бөлмелерінің құпиясын ашқан ғалымдардың, зерттеушілердің, археологтардың бірінен соң бірінің еш себепсіз көз жұмғандығы.
4 мың жыл адамзат тарихы үшін ұзақ көрінгенмен замана үшін қас қағым сәттей ғана. Әрі асқар шыңдай тас пирамиданың шын мәнінде Перғауынның жанымен де, рухымен де еш қатысы жоқ. Асылында, ол тас ескерткіш мәңгілікті аңсаудың рәмізі болып қана қалған. Олай болса, мәңгілікті пәни дүниеден табам деу адасушылық. Әлемнің патшасы, мейлі көшенің қайыршысы болсын, иманға келмесе, мәңгілікке деген арманын қанағаттандыра алмайды. Бақи дүниеге сенбеген соң, мәңгіліктің де мәні жоқ. Кім болса да пирамиданың иелеріне ұқсап, «бұ дүниелік мәңгіліктердің» жетегінде адасумен торыққан күй кешеді. Ал, баяғыда салынып, бізге жеткен бұл пирамидалардан біз адам өмірінің де, дүниенің де өтпелі екендігін пайымдайтын ғибрат алсақ дейміз.
Астана қаласында салынған Бейбітшілік пен Келісім сарайы пирамида пішіндес. Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайына айналған бұл пирамида ғимараты идеясының түп авторы – Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазір Бейбітшілік және келісім сарайында бай акустикаға негізделген 1500 орындық опера залы мен маңызды келісімдерге қол қойылатын аспалы зал, мұражай, көрме залы, кітапхана, барлық дәстүрлі дін өкілдерінің кеңселері жұмыс істейді. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съездері өткізіліп жүрген зал Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының залы үлгісінде жобаланған. Бұл ғимарат халықаралық деңгейдегі қай шараны өткізуге де өте қолайлы.
Ботаник ғалымдар мұндай пирамидаларды орман-тоғай, далалы жерлерге қойып , қатары сиреп немесе мүлдем құрып кету қауіпі бар өсімдіктер дүниесін қалпына келтіруге пайдалануды жөн көруде.
Сыртта 40 градус суық болса да , ортасына қойылған су қатпайтын пирамидалардың екінші үлгісі Қызыл ғаламшар (Марс) бетінде де бар екені белгілі болды.
Қалай десек те бұл тереңірек үңіліп, зерттеуге тұратын құбылыс.
Әдебиеттер
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 6-том.
2. «Зерде» журналы. 1994ж. №7,9
3. Ежелгі дүниежүзі тарихы
4. М.Стингл. «Тайны индейских пирамид» М. «Прогресс» 1982.
5. Ненси Дженскинс. «Ладья под пирамидой» М. «Наука» 1986.
6. Петер Элебрахт. «Трагедия пирамид» М. «Прогресс» 1984
7. А.Домашнев. Т.Дроздова. «Из глубины веков» М. «Молодая гвардия» 1985.
8. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X