Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қағазды бүктеу өнері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы,
«Өкпеті» орта мектебінің технология пәні мұғалімі
Башахов Болат Орынғазыұлы

Технология 5 сынып (бесінші)
Сабақтың тақырыбы: Қағазды бүктеу өнері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға қағазды бүктеу өнерінен мағлұматтар беру.
ә) тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, шеберлікке баулу.
б) дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап,.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, тест.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
- оқушылардың құрал - жабдығын тексеру;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. (сұрақ - жауап арқылы сұралады)
Тест.
1. Балташы қандай кәсіппен айналысады?
А) ау тоқумен;
Ә) қайық, арба, шана жасаумен;
Б) етік тігумен.
2. Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адамды кім деп атайды?
А) үйші;
Ә) оймашы;
Б) тоқушы.
3. Оймашының қолынан шыққан бұйымды ата.
А) қазан, қамшы, сырмақ;
Ә) кілем, қылыш, кесте;
Б) кебеже, сандық, жүкаяқ.
4. Кебежені не үшін қолданамыз?
А) киім салу үшін;
Ә) азық - түлік сақтау үшін;
Б) ыдыс - аяқ салу үшін.
5. Ұсталар айналысатын кәсібінің ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді?
А) 4;
Ә) 2;
Б) 3.
Оқушылар ағаш өңдеу мамандықтары жазылған төрт ұяшықты таңдайды. Әр ұяшықта сол мамандыққа қатысты сұрақтар берілген.
1 - ұяшық (үйші)
1. Жүкаяқ қандай бұйым? (Жиған жүктің астына қоюға арналған ағаш тұғыр)
2. Киіз үйдің сүйектерін ата. (шаңырақ, кереге, уық)
3. Үйші қандай қызмет атқарады? (киіз үйдің сүйектерін жасайды)

2 - ұяшық (оймашы)
1. Оймашы қандай бұйымдар жасайды? (төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже және ыдыс - аяқ)
2. Ою - өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер? (қошқар мүйіз, сынық мүйіз, түйетабан, алақұрт, қазтабан, құсмойын)
3. Келі - келсапты не үшін қолданамыз? (ұлттық тағамдарды түйетін ертеден келе жатқан үй мүлкі)

3 - ұяшық (балташы)
1. Балташы қандай кәсіппен айналысады? (ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етеді)
2. Қайықтың орысшасы (лотка)
3. Былай тартсаң........ сынады, былай тартсаң өгіз өледі. (арба)

4 - ұяшық (тоқушы)
1. Тоқушы дегеніміз кім? (ау, себет, шырта, шарбақ өруші)
2. Себет қандай бұйым? (жас шыбықтан өріп тоқылған зат салатын бұйым.)
3. Шырта дегеніміз не? (қар тоқтататын қалқан шарбақ).

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ барысы: 1. Оригами тарихынан.
Оригами – қағазды бүктеу арқылы әртүрлі моделдер аңдарды, құстарды, гүлдерді жасауға мүмкіндік беретін жапон өнері.
Ең негізгі жұмыс құралы – қағаз болып табылады. Ең негізгі жұмысты атқаратын – ол қол.
Бұл қолмен қағазды бүктеу арқылы әдемі ойыншықтар мен геометриялық фигуралар жасауға арналған сабақ түрі. Жасаған дайын фигураларды сыйға тартуға және қағаздан жасалған ертегі кейіпкерлермен көрініс көрсетуге болады.

Оригами тарихы.
Қытайда қағаздың шығуы б. э. дейінгі 105 жыл деп есептейді. Ал 610 жылы жапондықтар өз қағаздарын шығарды, олардың қағаздарының сапасы қытай қағаздарынан алда болды. Алғашқы қағаз фабрикасы 1870 жылы Токиода жасалынды.
Ертеде, Қытайда қағаздарды діни мерекелерде қолданған. Сол себепті алғашқы оригамилар храмдарда кездескені бекер емес. Оригами сөзі "ори" - бүктелген, ал "ками" – қағаз және құдай дегенді білдіреді.

Жапонияда бұл өнер ұрпақтан - ұрпаққа берілетін, дәстүрге айналған.
Алғашқы жапон баспасынан шыққан кітап “Сенбадзуру ориката” (1797 жыл) болып табылады. Кітаптың атының аудармасы “мыңдаған тырналарды қалай бүктейміз» дегенді білдіреді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында оригами жапон шекарасынын шықты. Англия және Америкада оригами бір - бірімен кездесуге мүмкіндік жасады. Ресейде ең ғажап оригами орталығы Мәскеу мен Санк - Петербургте орналасқан.

Оригамидің жаңадан дүниеге келуіне 1945 жыл 6 тамызда болған Хиросима қаласындағы ядролық бомбаның жарылысымен байланысты.
Сол кезде зардап шеккен балалар арасында, егер қағаздан 1000 тырна жасасақ, аурудан жазылып тірі қаламыз деген аңыз бар. Сол балалардың арасында СадакоСасаки атты қыз бала бар болатын. Тырналарды жасау, ол жазылып кетудің соңғы үміт болатын. Бірақ Садако тек 644 тырна... ғана жасап үлгерді.
Херосимада бомбадан зардап шеккендерді еске алатын Бейбітшілік паркі мен қаза болған балаларға монумент ашылды.
2. Оригами техникасы бойынша жасалған алғашқы көрме 1931 жылы Токиода болған. Оған жапон шебері Мичио Учияманың қағаздан жасалған бұйымдары қойылған. Кейіндер осындай көрме Мексикада болды.
3. Балалардың ой - өрісінің дамуы мен тәрбиесіне - оригами үлкен роль атқарады. Оригами - мидың оң жақ сол жақ жартышарларының белсенді қызмет жасауына ықпал жасайды, себебі жұмыс бірден екі қолмен атқарылатын болғандықтан, қолдың қимылы бақыланады.

IV. Сарамандық жұмыс: Бүгінгі сендерге, оригамиді қолданып, мынадай модельдер жасауды үйретеміз.
Қыз балалар, «лотос» гүлін, ал ұлдар құс жасайды. Барлықтарың қағаздарыңды алыңдар.

V. Қорытынды бөлім
Балалар біз бүгін қарапайым қағаздан сан түрлі жануарлардың, құстардың, гүлдердің тамаша мүсіндерін бүктеу арқылы жасауға болатынын үйрендік. Біз бұл сабақ арқылы адамдардың қиялынан кез - келген материалдан көркем де әсем көз тартатын көптеген қолөнер туындыларын жасауға болатынына көз жеткіздік.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама