Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қар ханшайымы - 2016
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің
«ИНАБАТ» қыздар ұйымының жетекшісі
Айман Ыбраева Амалбекқызы

Тақырыбы: Қар ханшайымы - 2016
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік – әдемілігімен қатар сұлулығына тәу ету.

Барысы:
Қыз бала ата - анасы үшін «кішкентай ханшайым» болып қала бермек. Қарапайым қыздан ханшайымға айналу үшін кеңес беру сәті
• Ұйымдастыру (кіріспе сөз)
• Жарнамалық ролик (олар саған не берді?)
• Менің таңбам (таныстыру)
• Бейнелеу (қағаз қалдықтарын пайдаға жарату)
• Диета (жаман қасиеттерден арылу)
• Артық болмас білгенің... (шеберқол)
• Royal Tulip (пікіралмасу)

1) Жарнамалық ролик
Ең қуанышты күнім..........
Ең жақсы көретін ертегім...
Үзбей көретін телебағдарламам...
Керемет мереке...
Ұнайтын түс...

2) «Менің таңбам» (таныстыру) 5 бөлікке бөлінген дөңгелектегі сұраққа жауап беру (суретпен немесе сөзбен)

1. Сабақтан басқа не істей аламын?
2. Естігім келетін үш сөз
3. Өзіңді жақсы сезінетін жер
4. Ең сенімді жандар
5. Ең үлкен жетістігім
Орындап болған соң «Бұл сенің таңбаң»
1) Ішің пысқанда осы іспен айналыс
2) Жабырқағанда сол ортада бол
3) Одан үлкен жетістіктерге жетуге тырыс
4) Әрдайым байланыста бол
5) Өзіңді нашар сезінгенде үш сөзді қайтала!
Дөңгелектің артына өз атыңды жазып қой!

3) « Бейнелеу» бөлімінде әуен ойнатылып тұрады, жыртылған ақ қағаз қалдықтарымен сурет салу
4) «Диета» бөлімінде жазылған сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беру («Құбыр» ойыны арқылы)
1 - Ханшайымға
1. Құрбыларыммен өте татумын а) ия ә) жоқ
2. Мереке күндерін достарыммен өткіземін а) ия ә) жоқ
3. Үй ішінің тірлігі менің ашуымды келтіреді а) ия ә) жоқ
4. Құрбыларыммен достығымызды бұзатын құбылыстардың кейіпкерімін
а) ия ә) жоқ
5. Анамнан күнде сөгіс естимін а) ия ә) жоқ

2 - Ханшайымға
1. Үйдегі қақтығыстарды мен шешемін а) ия ә) жоқ
2. Отбасы мүшелеріндегі жаман әдеттер менің ызамды келтіреді а) ия ә) жоқ
3. Үнемі қонақ келу менің жүйкемді жұқартты а) ия ә) жоқ
4. Өте ашушаң адам маған кедергісін келтіреді а) ия ә) жоқ
5. Өзімнің жалғыздығымды, ешкімге керек еместігімді сезінемін а) ия ә) жоқ

3 - Ханшайымға
1. Мен қалжыңдарды жақсы түсінемін, әзілдерді көтере аламын а) ия ә) жоқ
2. Басқалар менімен дос болуды қалайды а) ия ә) жоқ
3. Менің көзқарастарыммен келіспейтін адамдар ұнамайды а) ия ә) жоқ
4. Сабақтан басқа айналысатын сүйікті істерім көп а) ия ә) жоқ
5. Менің ішкі түйсігім өте жақсы дамыған а) ия ә) жоқ

4 - Ханшайымға
1. Қиындықтар алдында бой алдырмаймын а) ия ә) жоқ
2. Менің күлкім әрдайым шын көңілімнен шығады а) ия ә) жоқ
3. Ең үлкен сырларым мен құпияларымды айтатын құрбым бар а) ия ә) жоқ
4. Жаңа достармен танысқанды ұнатамын а) ия ә) жоқ
5. Сымбатты, тартымды болуға уақытымды бөлуге тырысамын. а) ия ә) жоқ

5 - Ханшайымға
1. Өмір сүріп жүрген ортам өзіме ұнайды а) ия ә) жоқ
2. Біреудің жаңа ойларын қуана қабылдаймын а) ия ә) жоқ
3. Белсенділік пен спорттық жаттығулар өмірімнің таптырмас бөлігі а) ия ә) жоқ
4. Жақсы әуендер көңілімді көтере алады а) ия ә) жоқ
5. Үнемі ой үстінде жүремін а) ия ә) жоқ

6 - Ханшайымға
1. Әр түрлі тапсырмаларды бұлжытпай орындаймын а) ия ә) жоқ
2. Күнделікті қажеттілерді өзім табуға тырысамын а) ия ә) жоқ
3. Мен басқалардың көзқарасымен «керемет жанмын» а) ия ә) жоқ
4. Өз дегеніме жектенді ұнатамын а) ия ә) жоқ
5. Менің «жұлдызды уақытым» әлі алда а) ия ә) жоқ

5) «Артық болмас білгенің...» (шеберқол)
Қыз балалар түрлі көйлектердің бірін таңдау арқылы онда берілген тапсырмаларды орындау керек

6) «Royal Tulip» мейрамханасы (пікіралмасу)

1) Мейрамхана өте................
2) Аспаздың тағамдары....................
3) Әсіресе, маған ұнағаны...................
4) Тойдым, тағы да салыңызшы..................
Мен басқа түрін жасай аламын....................

Қорытынды. Жеңімпазды марапаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама