Қара теңіз неліктен Қара деп аталған?
Топонимика — әртүрлі географиялық атаулардың шығу тегін зерттейтін, мағыналық мәнін іздеумен айналысатын тіл білімінің ең қызықты салаларының бірі. Мысалы, Қытай Халық Республикасының жағалауын шайып жатқан Сары теңіз өз атауын қалқымалы заттардың әсерінен қанық сары түске боялған Хуанхэмен ағып келген судың арқасында алды.
Айтпақшы, қытай тілінен аударғанда бұл атау «Сары өзен» деген мағынаны білдіреді. Қытай Сары теңізінен басқа, әлемдік мұхит акваториясында Қызыл, Ақ және Қара теңіздер үшін де орын табылды. Маусымаралық мұздың сынған кесектерімен толтырылған Ақ теңіз, немесе түрлі-түсті кораллдардың өскіндерімен толтырылған Қызыл теңіздің атаулары түсінікті болса, Қара теңіз топонимикасы ғылыми ортада әрдайым пікірталастар тудырады.
Қара теңіз бұрын қалай аталған?
Бастапқыда, бүгінгі Солтүстік Қара теңіз өңірін грек отарлауы кезеңінде, теңізді «Роntos Euxenos» деп аталған. Грек тілінде «қонақжай емес» деген мағынаны береді. Жерорта теңізінің мөлдір толқындары мен өте сирек болатын дауылдарына үйренген ежелгі гректерге Қара теңіздің қыңыр мінезі мен қара көк толқындары қонақжай емес болып көрінген.
Уақыт өте келе грек отаршылары қазіргі Одесса, Николаевск, Херсон облысы, Қырым территориясына тұрақтанып алған соң теңіз өз атауын «қонақжай» яғни Понт Эвксинскийге өзгертті. Біздің дәуіріміздің III-V ғасырында қазіргі Украинаның оңтүстігінде көшпенді скиф тайпалары пайда болғанықтан теңіз Скиф деген атқа ие болды.
Қара теңіз атауы алғаш рет қашан пайда болды?
Қара теңіз топонимі ерте орта ғасырларда-ақ пайда болған. Кеме конструкциясын жетілдіру теңізшілерге тек жаға мен қайраңда ғана емес, сонымен қатар ашық теңізде де кемені қазықтап байлауға мүмкіндік берді. Олар зәкірді 150 метрден де тереңірек түсіргенде, оған қара түсті қақ шөгіп қалатын. Теңіздің қара-көк түсіне байланысты теңіз жағасында тұратын барлық халықтар оның атауын бір уақытта дерлік өзгертті.
Неге Қара теңіз?
Енді зәкірлер неліктен қара түске боялып, ал Қара теңіздің суы көрші Мәрмәр және Жерорта теңізіне қарағанда 10 реңкке қаралау екенін айта кетейік. Себебі, Қара Теңіз ойпатының 78%-ы күкіртті сутегі бар сумен қамтылған. Жоғарғы жағы (150-180 м)-судың жұқа қабаты. Күкіртті сутегі шіріген жұмыртқаға тән иісімен танымал. Егер шағын көлемде ол түссіз болса, 1000-2000 метр қалыңдықта бұл зат теңіз суына қанық қою көк түс сыйлайды.
Қара теңізге күкіртті сутек қайдан келді?
Басқа су қоймаларында болмайтын күкіртті сутек Қара теңізге қайдан келді? Бұл сұрақтың жауабының бірыңғай нұсқасы жоқ. Біріншіден, судың түбіндегі жер қабатындағы жарықтан өткен болуы мүмкін. Әлемдік мұхиттың осы бөлігіндегі ойпаттың шығу тегі тектоникалық болғандықтан, астеносфераның бетіне газдардың ену ықтималдығы өте жоғары.
Екіншіден, Қара теңіз суының тарихы ертедегі су айдынында тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің жаппай қырылуына байланысты. Әлемдік мұхит соңғы мұз дәуірінен кейін тұщы су көліне келіп құйған. Мұз еріген соң, су деңгейі көтеріліп, Босфор өткелі су массасының күшімен жермен жексен болды. Сол себептен тұщы сулардың барлық фаунасы мен флорасы қырылып қалды. Олардың сүйектерінің ыдырауы күкіртті сутегі өндіретін анаэробты бактериялардың жаппай пайда болуына себепші болуы мүмкін.
Қалай десек те, Қара теңіздің суы көрші су қоймаларының суынан қатты ерекшеленеді. Ол мүлдем мөлдір емес, ал оның қанық қара-көк түсі ұшақтың иллюминаторынан жақсы көрінеді. Әсіресе, егер оның алдында Жерорта теңізі мен Мәрмәр теңіздерінің көкпеңбек суының үстімен ұшып өтсеңіз бұны анық байқауға болады.
Оқуға кеңес береміз:
Әйгілі PRINCE OF PERSIA ойыны қалай ойлап табылды
Бірінші дүниежүзілік соғыстың мергендері: бүркеудің қыр-сыры
Афедронның тарихы немесе «Ақшаның иісі болмайды»
Математиканың тарихы. Ұлы математиктер
Қытайдағы қайғылы әрі әйгілі торғайларды жою науқаны
Ежелгі Еуропадағы тазалық жайында жантүршігерлік мәліметтер
Марвин Химейер – Американың соңғы қаһарманы
Испаниядағы Ла-Мескитаның тарихы
Адам саусақ ұшының регенерациясы