Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ журналистикасының алғашқы қарлығашы: Мұхаметсәлім Кашимов

Алаш қайраткерлерінің қайсы болмасын қазақ рухын, халық санасын көтеруде үлкен үлестерін қосқан. Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді даңқты тұлғалар арасындағы аты бүгінде елеусіз қалған азаматтарымыздың бірі, қазақ зиялылар қауымының өкілі ақын, журналист - Мұхаметсәлім Абдрахманұлы Кашимов.

Мұхаметсәлім Абдрахманұлы 1884 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Бала кезінен сауатты болып, әкесінің артынан еріп діни білімге көп- көңіл бөлген. Өзінің "Әдеп" (1907), "Сабақ" (1907), "Насихат қазақия" (1908), "Ақыл кітабы"  шығармаларында қазақ жастарына білім, тәрбие, мәдениет мәселелері бойынша кеңестер мен нұсқаулар беріп, жоғары адамгершіліктің мысалдарын келтірген. Мамандығы бойынша 1911-1914 жылдары "Айқап" журналында жұмыс істеп, елдегі мектеп-медресенің жағдайы туралы көп жазды. Елдегі мектеп, медреселерде мұсылмандық сауаттылық үйрету идеясын қорғаған. Жетісу, қырғыз және Қытай қазақтарын аралау кезінде (1915-1916), этнографиялық очерктер жазды, онда қазақ халқының салт-дәстүрлерін сипаттады, ағарту мәселелерін қозғады, оның адамгершілік жағын талқылады. Ең басты тұлға құндылығы адамдылық идеясын өз шығармаларында асқақтатады. Ол табиғаты бойынша дарынды, аналитикалық ойлау қабілеті бар, қоғамдағы барлық мәселелерге өзіндік көзқарасымен қараған. 

Журналист көзі тірі кезінде қозғаған мәселелердің бірі, әйел затының құқығы болған. Қазақстандағы әйелдер құқығын қолдау қозғалысы XIX ғасырдың аяғынан бастап саналып келеді. Ол кезде ол Ресей империясында әйелдерге білім алуға және ақылы жұмысқа қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін Бүкілресейлік қозғалыспен тығыз байланысты болды. Әйел адамныңда бірдей білім алып, өз таңдауын жасауға толықтай құқылы екенің қазақ интелегенциясы қолдаған. Қырғыз және қазақ әйелдерінің эмансипациясының теориялық негіздері Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және XX ғасырдың басындағы басқа да қазақ ағартушыларының еңбектерінің арқасында қаланды және сыналды. Сол кездегі қоғамда қалыптасқан түсініктердің бірі ол- жас қыз балаларды өз еріктерінсіз тұрмысқа беру. Бұл мәселенің нүктесін қою мақсатында Мұхаметсәлім Абдрахманұлы  наразылық білдіріп, арнайы  заң шығарылып шектеу қойылғаның  қалаған. 
Қайраткердің өмірлік философиясы ислам дініментығыз байланысты болған. Бала кезінен әкесінің тәрбиесін көріп, қажылыққа артынан еріп барған. Қазақ жеріндегі оқу-ағарту және мәдени дамуға, ұлттық тіл мен әдебиеттің қалыптасуына игі ықпалын тигізіп, жас ұрпақты елжандылық рухында тәрбиелеуге зор ықпал етті. 

Қорытындылай келе, зиялы қауымның қайраткерлері қазақ қоғамының мүддесін қорғау жолына түсіп, рухани құлдыққа қарсы шыққанын айта кеткен жөн.  Қоғамдық, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары, ұлттық қазақ интеллигенциясының өкілдері жеке тұлғаның қоғамдағы орны, халықтың жаңа қоғам құруға қатынасы мәселелерін алдыңғы қатарға шығарды.Мұхамедсәлім Әбдірахманұлы өз уақытында қоғамдағы теңдік пен адамгершілікті басты орынға қойған дара тұлғалар қатарынан. Осындай тұлғалардың елеулі еңбегінің басты айнасы мен көрінісі ол қазіргі қазақ қоғамы деп ойлаймын.Қазақ халқына көрсеткен жанашырлықтарымен, білім мен ғылым өркендеуіне қосқан үлестерішексіз нар тұлғалардың бар болғандығын біліп жүру, ұсынған идеяларын дамытып, асқақтату біздің міндеттеріміздің бірі ретінде көруіміз қажет.Бірғана адамда  осыншама өз ұлттына деген сүйіспеншіліктің барына, қазіргі кезде тек мақтанышпен, үлкен қызығушылықпен ғана қарай аламыз…

Мамиева Арна Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Дінтану мамандығының студенті.

Жетекшісі ҚазҰУ, аға оқытушысы Тунгатова У.А.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама