Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
“Қазақ өнерінің қайраткері” домбырашы Нұргүл Амантайқызын еске алу кеші өтті

Нұргүл Әкімғожина ардақты ұстаз. Халқымыздың ежелден келе жатқан ерекше аспабы, үш ішекті домбырамен өнер көрсеткен санаулы орындаушылардың бірі болды. Нұргүл Амантайқызы -ерекше аспапты жоғары деңгейде үйреніп, шәкірт тәрбиелеген тұлға.

Алматы қаласының мемлекеттік мұражайында Нұргүл Амантайқызының ізбасарлары “Арнау” этно фольклорлық ансамблі үш ішекті домбырада өнер көрсетті. Нұргүл Амантайқызының аспаптары мен жеткен жетістіктері қорда сақтаулы тұратын болады.

Жәнеде Нұргүл Амантайқызының тума туыстары өздерінің жылы лебіздерін айтты.

Сонымен қатар Түркияда өткен дүниежүзілік «Тоғыз ел- тоғыз қала - бір фестиваль» атты деректі фильмдер фестивалінде арнайы жүлде алған Нұрлан Асқарұлының «Үш ішек» деректіфильмінің тұсаукесері болып, көрсетілімі өткен болды.

Нұрманова Нағима Ташкенбайқызы Алматы қаласы мемлекеттік архивінде жинақтау қызметінің басшысы Нұргүл Амантайқызының қоры әлі толатындығын айтты және “Құжатсыз тарих жоқ, бүгінсіз ертең жоқ, ертеңсіз болашақ жоқ” -деді. Сонымен қатар архив қызметкерлері Нұргүл Амантайқызының тума туыстары, достары, таныстары архивті толтырады деген үмітте.

Бекзат Болатұлы, медиакоммуникация 2- курс. Жетекші: Рушанова Неля Бериковна


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама