Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 28 минут бұрын)
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан әлемнің үздік спортшысы атанды

Халықаралық күрес федерациясы қазақстандық балуан Ризабек Айтмұханды әлемдегі айдың үздік спортшысы деп таныды. Бұл – қазақстандық спорт үшін тарихи жетістік.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айдың үздік спортшысы атағы

Халықаралық күрес федерациясының баспасөз қызметі Ризабек Айтмұханды өткен айдағы еркін күрестен үздік өкіл ретінде таңдады. Грек-рим күресінен Еуропа чемпионы, армениялық Джанес Назарян, ал әйелдер арасында Панамерика ойындарының екі дүркін чемпионы, америкалық Кайли Уэлкер үздік деп танылды.

Соңғы жетістіктері

Ризабек Айтмұхан жақында ғана Азия чемпионатында (U-23) 125 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Финалда ол үндістандық балуан Лакиді 10:0 есебімен жеңіп, алтын медальді қанжығалады.

Тарихи әлем чемпионы

Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды. Ол кезде 18 жастағы балуан 92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Кейіннен Ризабек олимпиадалық салмақ болып саналатын 97 келіге ауысты. Бұл салмақта ол Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды.

Жаңалықтар

Жарнама