Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 52 минут бұрын)
Қазақстандықтар пайдаланбаған SIM-карталары үшін қарызға батты: Оператор түсініктеме берді

Еліміздегі ұялы байланыс операторларының бірі Tele2-нің абоненті пайдаланбаған нөмірі үшін күтпеген жерден қарызға батқанын айтып, әлеуметтік желіде шағымданды. Бұл жағдай көпшіліктің қызу талқылауына себеп болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абоненттің айтуынша, ол акция бойынша 5 мың теңгеге жуық тарифті қосып алған. Акция аяқталғаннан кейін тарифтің құны 8990 теңгеге дейін өскен. Алайда, ол SIM-картаны бірнеше ай бойы қолданбаған. Кейін балансын тексергенде, шоттың минусқа кеткенін көреді.

«Бұл байланыс емес, микрокредит сияқты»

«Балансқа кірсем – минус 5700 теңге. Ойладым, жарайды, абоненттік төлем алынды деп. Ақша салдым – әттеген-ай, бұл SIM-картаны пайдаланбағаным үшін өсімпұл екен», - деп ашуын жасырмады тұтынушы.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлардың шарттары клиенттерге қаншалықты ашық жеткізілетіні де өзекті мәселе. «Мұны қайда жазады? Кім 100 беттік ұсақ әріптерді оқиды? Адам қарыз болғанда ғана біледі», - деп наразылық білдірді ол.

Желідегі пікірлердің арасында басқа да осындай жағдайға тап болған тұтынушылардың тәжірибесімен бөліскендері де бар. Бірі оператордан келген SMS хабарламаның скриншотын жариялапты. Ондағы мәлімет бойынша, қарызды өндірумен коллекторлық агенттіктер айналысуы мүмкін.

Оператордың жауабы

Tele2 компаниясының баспасөз қызметі бұл жағдайды SIM-картаны пайдаланбаумен емес, келісімшарттық тарифтің шарттарын бұзумен байланыстырды.

«SIM-картаны пайдаланбағаны үшін өсімпұл жоқ. Белгілі бір келісімшарттық тарифтерде шартты бұзған жағдайда өсімпұл қарастырылған. Қарапайым тілмен айтқанда, келісімшарт мерзімі аяқталмай бұзылса, солай болады», - деп түсіндірді оператор өкілдері.

Компанияның мәліметінше, мұндай тарифтерді қосу кезінде абонент ЭЦП арқылы шартқа келісімін растайды.

«Келісімшарттық тарифтердің шарттары орындалмаған жағдайда, абонент келісімшартта жазылған талаптарға дайын болуы тиіс. Тарифтік жоспарға қосу туралы өтініш – абонентті тіркеу процесіндегі маңызды қадам. Тарифті қоспас бұрын абонент шарттармен таныстырылады және тариф туралы толық ақпарат алуға сілтеме беріледі. Оны қосқан кезде абонент жылдық тарифтердің шарттарына келіседі», - деп хабарлады компания.

Оператор сондай-ақ, абоненттерді төлемдер мен ықтимал салдар туралы алдын ала хабардар ететінін айтты.

«Біз абонентті жоспарлы төлемнен бірнеше күн бұрын абоненттік төлемді енгізу қажеттігі туралы хабардар етеміз. Егер төлем келмесе, өсімпұл есептелгенге дейін абонент SMS-хабарлама алады», - деп атап өтті олар.

Егер абонент нөмірді уақытша пайдаланбайтын болса, компания тарифті алдын ала ауыстыруға кеңес береді.

Өсімпұл туралы ақпарат қайда орналасқан?

Өсімпұл туралы мәліметтер ұялы байланыс операторының сайтында, [келісімшарттық тарифтер бөлімінде](https://tele2.kz/new/contract-tariffs) орналасқан. Қосымша ақпаратта келісімшартты бұзу шарттарын табуға болады. Онда «абоненттік төлем 31-ден 60-шы күнге дейін есептелмесе» деген тармақ бар:

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, келісімшарт келесі жағдайларда да бұзылады:

Жаңалықтар

Жарнама