Қазақтың дәстүрлі көркемөнер мәдениеті: Бейнелеу өнері, ою-өрнек, күй өнері, ойын-сауық мәдениеті
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті.
Қазақ көркемөнерінде көп табыстармен қатар көп кемшіліктер де бар. Табысты ғана көріп, кемшілікті көрмеудің өзі үлкен кемшілік болған болар еді. Көркемөнер ісіне онша қанық болмасам да осы оймен бір-екі ауыз сөз айтамын. 1Опера театры өмір сүргелі 15 жылға жақын уақыт өтті. Әлі күнге жаңа тақырыпты баурай алмай келеді. Баурадық дегеніміз жалғыз ғана «Төлеген Тоқтаров» екен. Осының өзіне тоқмейіл адам қарауға жалығады. Опера театрындағы үлкен кесел — заманға тура қарап, тізе жазбай ілесу жоқ. Науқан есебінде, жоғарыдан не төменнен қысым болған кезде ғана жаңаға жармаса түсіп,.ала береді. Соның салдарынан баяғы «Қыз Жібек», баяғы Айман-Шолпандардан» жақсы болмай қойды. Музыка либретто авторларын жаңа күштерді іштен, сырттан тартып, көбейтуге шын қиналған басшы әлі көрінбейді. Қиналмайынша қиын іс біте ме.Эпос материалдарын пайдалануда халықтың ұғымына, тарихи фактілерге қарсы шығу операның әдетіне айналды. Халықтың ғасырлар бойы ұғымындағы ардақты Ақжүністі жауыз деп көрсетіп жүр. Жауыз әйелді көрсету қажет болса, Ақжүніссіз де көрсетуге болады ғой. Эпосты, тарихи фактілерді алғанда шикі қалпында ал, өзгертпе деген мешеу ойдан аулақпын. Тек, сорақы, мағынасыз өзгерістерге, сол мағынасыздықтан теріс мағына туатын өзгерістерге жол бермеу керек. Шын мағынасында, бізде әлі қазақ совет композитрлері аз. Қазіргі композитор деп жүргендеріміздің көбі бұрын жасалған ескіден, бүгін жасалған жаңадан қиыстырып жүрген құрақшылар. Құрақтың өзін шебер құрастыра бермейді. Кімнен алғаны, қалай алғаны баттиып көрініп тұрады Сонда да автор «өзім» деуге ұялмайды. Жазушылар әдебиет дүниесінде біреудің бір сөзін алса да тырнақшаның ішіне қоршайды. Әйтпесе кәдімгі ұры есебінде айыпталады. Ал, біздің композиторлар біреудің еңбегін кесегімен жұтса да адал сияқты. Оның себебі — композитор бізде әзір аз, сыншылар жоқ. Сол аздық өзі сын болмаған соң оңай олжаға семіріп барады. Сын, талап күшеймей бұл композиторлар жуырда көтеріле алмайды.
Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған.
Қазақ халқының тұрмыс-харекетімен, өмір-тіршілігімен әрқашанда тығыз байланыста болатын күй – жүздеген жылдардан бері қанат жайып, өркендеп келе жатқан жанр. Халқымыздың музыкалық қазынасында сары алтындай сандалкер күйлер жүздеп саналады. Оларды хатқа түсіретін нота мәдениеті жоқ болса да, сыры мен сымбатын жоғалтпай, қайта ажарлана, әрлене түсіп, ауыздан ауызға көшіп, атадан балаға мирас боп қала берді. Әлбетте, құм басқан қалалардай, бізге жетпей, уақыт шыңының астына көміліп қалған күйлер де есепсіз екені және даусыз.
Cонымен қатар, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз, бейнелеу өнері жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мен бейнелеу мәдениеті өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, өзіміздің күні кешеге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй – қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген. Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады.
Ою-өрнек ісі де тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Кейбіреулер қазақта ойын-сауық болғанымен, дене тәрбиесі жоқ деп қателеседі. Ойын-сауықтың түрі көп, олардың денсаулыққа да, пайдасы мол, тіл байлығын дамытуға да себі бар, тату-тәттілікке де жол ашады, - деген танымал қаламгер, жазушы Ахмет Жүнісов.Осыдан-ақ қазақ халқының ойын-сауығы ерекше болғанын байқауға болады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақ- тар мен алғашқы мемлекет- терде кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қаре- кеттерінен бастау алады. Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты не- гізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, бала-лардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүр-лі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».
Ел болашағы – жас ұрпақ болғандықтан, жастар шыққан тарихын біле отырып мәдени мұрасын жаңғыртып ел міндетін орындау нағыз дамыған елдің сипатын көрсетеді. Қазіргі жастар яғни біз сапалы білім ала отырып елімізді әлемдік деңгейге көтеретіндей еліміздің нағыз мақтан тұтар азамат, азаматшасы болатындай еңбек ету , ата бабамыздың бізге жасаған болашағын жарқын ету тек біздің негізгі мақсатымыз. Қазіргі кезеңде байырғы салт-жоралар, ойын-сауықтар, мәдениет қанатын кең жая, қазақ деген ұлттың дәстүрлі мәдениетінде самғауда. Бодандық кезеңнен аман – есен өткен дәстүрлеріміз айырықша орын алады. Әрине, қиынға соққан мәселелер де бар, бірақ өте келе адам түзеліп, адаммен заман да түзеліп бәрі орнына келеді. Тек уақыт қажет.