Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қымбатшылық: халық жағдайы...

Азық-түлік бағасы халық үшін үлкен проблемаға айналуда. Табыстың барлығы дерлік азық-түлікке жұмсалады. Күнделікті азық-түліктен бастап, құрылыс материалдары, ет, ұн, шай, жұмыртқа, мал азығы – бәрінің бағасы күн сайын өсуде. Бірақ халықтың жалақысы нарықтағы бағаның өсуімен бірге өсіп, зейнетақы мен жәрдемақыға басқа ештеңе қосылмайды. Соның салдарынан адамдар тамақсыз, ертеңгі күнге жоспар құрмай, күнде тамақ тауып өмір сүру қалыпты жағдайға айналды.

Қазақ халқы етті жиі тұтынатын ұлтпых, тіпті етсіз тамақтан ас өтпейді. Бүгінде бұл еттің бағасы өсіп жатыр. Мысалы, жылқы етінің келісі 2400 теңгеден асып кетсе, сиыр еті 2200-2250 теңге, қой еті 2200 теңге болуы мүмкін. Картоптың күнделікті тұтынуы – 200 теңге, сәбіз – 180 теңге, 5 литр май – 3700 теңге, бір қап ұн (50 келі) – 10000 теңге.  Мәселен, қоғамдық жұмыста істейтін азаматтың табысы 42500 теңге болса,  оған нарықта не келеді? Бір айға қажетті азық-түлікке не кіруі мүмкін? Саралап көрейік.  Ең бірінші ұн (10000 теңге), сұйық май (3800 теңге), 10 келі еті 1 айға ( 22000 теңге), 10 келі картоп (2000 теңге), 10 келі сәбіз (2000 теңге). Міне, осыншама санаулы ғана затты алуға мүмкіндігі бар. Одан бөлек, қаншама керек жарақтары бар десеңізші!

Халқымыз ең көп тұтынатын,тұтынбасақ басымыз ауыратын әлеуметтік өнімнің бірі – шай бағасы да шарықтап кеткен. Сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша орташа есеппен шайдың 12,4%-ға қымбаттағаны байқалды. Сонымен қатар Қазақстанның 17 өңірінің 7-інде шай бағасы орташа деңгейден бірден өсті. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында шай бірден 25,3%-ға, Павлодар облысында 21,4%-ға, Шымкентте 19,3%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, қазан айында жапырақты қара шайдың бір килограмы орта есеппен 3 063,3 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қазанмен салыстырғанда 6,8%-ға қымбат.

Жанармай бағасы да тұрақты емес. Көпшілік жиі тұтынатын АИ-92 маркалы бензин 180 теңгеден, дизель 230 теңгеден, бензин 110-115 теңгеден сатылуда. Көлік тізгіндегендер қалтасына ауыр тиді дейді.

Авторы: Камила Тастанбек


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама