Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қыс
Сабақтың тақырыбы: Қыс
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: «Қыс» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту
Дамытушылық мақсаты: ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: жылдың әр мезгілі өзінің әсемдігі, қажеттілігі бар екенін таныту.
Сабақтың түрі: Аралас
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Көрнекілігі:
1. Интерактивті тақта
3. Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер, анимациялар, музыка.

Сабақтың өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықтарын ояту
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.
Бүгінгі көңіл - күйлерің қалай?
Сыныпта кім кезекші?
Сабақта кім жоқ?
Аптаның қай күні?
Бүгін қыс мезгілінің бірінші айының бірінші күні – 1 - желтоқсан Ауа райы да қыс мезгіліне сай.

Фонетикалық жаттығу
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау
Ә, і, ұ, ү, ө, қ, ғ, ң, һ
Әке, іні, ұлу, үлгі, өрік, қалам, ғарыш, аң, қаһарман дыбысына сөздер айту
Жаңылтпаш
Қыс түсті, қыс түсті, құс ұшты.
Қыс түсті, қысқы істі қыста істе.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
Сөздік сұрау
Қолшатыр - зонт
Жаңбыр - дождь
Суық - холодно
Ауа райы - погода
5 - тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.
Күзде..... суық. Біз..... киім киеміз. Мен пальтомды,...... кидім. Кеше біз....... бардық.
Күз маған өте ұнайды....... туралы әңгіме жаздық сурет салдық.

ІІІ Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қыс» Бүгінгі сабақта сендер тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысасыңдар. Дауысты дыбыстардың жіктелуі бойынша білімдеріңді бекітесіңдер. Қыс мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері туралы қазақ тілінде әңгімелеуге үйренесіңдер. Ал енді сабағымызды Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін тыңдайық.
1. Бұл өлең қай жыл мезгілі туралы екен?
2. Қыс айларын атаңдар.

Сөздікпен жұмыс
1. Сөздікті оқу
2. Сөздермен сөйлем құрау
Батыс - запад
Шаңғы - лыжа
Аққала - снеговик
Тәуелсіздік - независимость

1. Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды?
2. Биыл Тәуелсіздікке неше жыл толады?
3. Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз?
Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлау барысында 26 қараша мен 15 желтоқсан аралығында 20 жұлдызды күн аталған мерекелік күнтізбе жасалды. Осы күнтізбеде 1 желтоқсан - «Азаматтық қоғам» күні деп белгіленген. (1 декабря - День иститутов гражданского общества.)
Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді тыңда.
2. Мәтінді оқып, түсін.
Қыс
Қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыстан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі - жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыста жылы киінеді. Бұл мезгілді балалар ұнатады. Олар коньки тебеді, шаңғымен сырғанайды, қардан аққала жасайды. Қыста біз Тәуелсіздік мерекесі мен Жаңа жылды қарсы аламыз.
Мәтінде не туралы айтылады?

Мәтінді оқушыларға 1 сөйлемнен оқытып аудару.

3. Мәтінге сұрақтар қою
1. Қыс қай айдан басталады?
2. Бұл мезгілде ауа райы қандай болады?
3. Адамдар қалай киінеді?
4. Қыс мезгілінің мерекелерін ата.
ІV Сабақты меңгерту Қыс тақырыбына қатысты ұғымдарды топтастыру
2 - тапсырма
Қыс мезгіліне тән ерекшеліктерін жазып кестені толтыр

Күн ретін жаздыру Дәптерімізге таза, әдемі, қатесіз жазыңдар
3 - тапсырма
Мына сөздерді екі бағанға орналастыр жуан, жіңішке сөздерді қалай ажыратамыз?
Қыс, қар, көрші, сабақ, үзіліс, есеп, мұз, бес
Ішіне Жуан сөздер:
Сыртына Жіңішке сөздер:

Фонетикалық талдау
Қар - 3 дыбыс, 3 әріп, 1 бітеу буын
Қ - дауыссыз қатаң
А - дауысты, жуан, езулік, ашық
Р - дауыссыз, үнді

Сергіту сәті

Буын диктантын жазу үшін алдымен буынның ережесін есімізге түсіреміз?
Берілген сөздерді буынға бөліп жаз.
Балалар, қысқы, қар, желтоқсан, мұз, шанаман, жауды.
Кәне кім қалай буынға бөлді? Бірінші сөзді кім оқиды?

VСабақты қорыту
4 - тапсырма Сурет бойынша деңгейлік тапсырма орында
ІІІ деңгей Сұрақтарға жауап бер.
1. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
2. Балалар немен ойнап жүр.
3. Ауа райы қандай?
ІІ деңгей Суретке қарап 3 - 4 сөйлем құра.
І деңгей Сурет бойынша әңгіме жаз.

VІ Үйге тапсырма
Жаңа сөздерді жаттау
135 - бет 5 - тапсырма сөздермен сөз тіркесін құрап жазу. Мысалы: ақ сөзімен сөз тіркесін құраймыз ақ қар.
VІІ Бағалау

Толық нұсқасын, слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама