Photo: Kirill Ozerov (https://www.pexels.com/@kirill-ozerov-109766512) / Pexels
- 11 мам. 2026 11:30
- 30
"Қолыңды тарт, министр Сүлейменовадан!" – Журналист жала жапқандарға ескертті
Қазақстандық әлеуметтік желілерде Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың туысы Ордабасы аудандық Білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды деген ақпарат тарап, қызу талқыға түсті. Алайда, бұл мәліметті жоққа шығарған белгілі журналист Мөлдір Нұрман, министрге және жаңа басшыға қатысты жала жабушыларға қатаң ескерту жасады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Али Төлеубекұлы есімді қолданушы Гүлнұр Сүлейменованың Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қайынбикесі екенін жазған болатын. Бұл ақпаратты нақты тексерместен, министрге «қыжылы барлар» дереу сын-пікірлер жаудыра бастады.
Журналист Мөлдір Нұрман бұл жала жабушыларға жауап беріп, жаңа басшының министрге ешқандай туыстық қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, екі әйел де білім саласындағы мықты мамандар, өз білімімен және еңбегімен жетістікке жеткен.
«Екеуі де адал маман!»
Мөлдір Нұрманның сөзінше, Гүлнұр Сүлейменова Ордабасы ауданына жаңадан тағайындалған басшы ретінде байқаудың ашық әрі әділ өтуінің нәтижесінде қызметке келген. Білім басқармасы да бұл байқаудың әділ өткенін ресми түрде растаған.
«Біреулер сияқты топ ете қалмаған, әркімге сүйеніп. Білім Басқармасы байқаудың ашық әрі әділ өткенін, ресми мәлімдеген. Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді деген. Ашық байқауда ашық жеңіске жетсе өз білімімен жеткен. Президент тапсырмасы – биліктің әр тармағы мен барлық салаларды адал әрі әділ азаматтармен толықтыру. Так что екеуі де адал маман! Бірін Президент министр етсе, екіншісін Құдай аудандық білім бөліміне басшы қылған, шүкіршілік!» – деп жазды журналист.
«Қызыл бұрыш салып жіберемін!»
Журналист сондай-ақ, қыз балалардың бағын қызғанып, іштері күйіп отырғандарға ашулы лебізін білдірді. Ол тіпті, «іштерің күйсе тұз жалаңдар, егер че айтыңдар бір қап қызыл бұрыш салып жіберемін!» деп ашуланды.
Мөлдір Нұрман «боқблогерлерге» де сөгіс айтып, мектептер мен білім бөлімдерін «тіміскілеп», «шұқылай бермеуге» шақырды. Оның айтуынша, мектеп – бопсалайтын банк емес, балалар тәрбиеленетін орын. Блогерлерді мектептерге мүлде жолатпау керектігін айтты.
«Кім біледі, тексереміз деп у беріп кетсе ше, арасында сотталғандары балаларды зорлап кетсе ше, кім жауап береді? Мектептерге боқ терген блогерлерді мүлде жолатпаңдар, білім бөлімдеріне де», – деп қадап айтты ол.
«Сүлейменовалардан қолдарыңды тарт!»
Журналист қорытындылай келе, барлық жала жабушылар мен министрдің қызметіне көз тіккендерге «Сүлейменовалардан қолдарыңды тарт!» деп ескертті. Оның айтуынша, екі әйел де білім беру саласының мықты мамандары.
«Кім біреуді кетіруге әрекет етсе, өздері қызметсіз қалады! Байқаудан жеңіліп қалғандар болса да, министрдің етегінен тартып жатқандар болса да қазған орларына өздері түсетінін ұмытпасын! Мен Президенттің Адал азамат позициясын қолдаймын, арамыларды емес, көксегені тек қызмет болған!» – деп жазды Мөлдір Нұрман.
-
Масштабные работы по модернизации участка «Актобе – Карабутак – Улгайсын» продолжаются, улучшая транспортную доступность региона.