Қонжыққа қыстың не екенін айтамыз
Қонжыққа қыстың не екенін айтамыз
Білім саласы: Коммуникация
Оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Білімділік міндеті: Қыс мезгілі туралы түсініктерін тереңдету; мнемокестені пайдалана отырып қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін байланыстырып айта білуге үйрету, тақпақ жаттату.
Дамытушылық міндеті: тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға, сұрақтарға толық жауап беруге жаттықтыру;
Тәрбиелік міндеті: Достық қарым - қатынасқа, басқа тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ойыншық қонжық, қыс көріністері туралы суреттер, мнемокесте, тақырып бойынша слайд
Сөздік жұмыс: қонжық, апан.
Тілдің үш тұғырлығы: қонжық - медвежонок - little bear, қыс - зима - winter.
Балаларды ортаға шақыру, жарты шеңберге тұрғызу.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар!
Қайырлы таң!
Достасқан бар балалар!
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз!
Қайырлы таң!
Бізге келген қонақтар!
Сәлеметсізбе!
Здравствуйте!
Good morning
Балалардан қазір жылдың қай мезгілі екенін және неге олай ойлайтындарын сұрау
Балалар қазір қыс мезгілі екендігін және неге олай ойлайтындарын (күн суық, жерде қар жатыр және т. с. с.) айтады.
«Ғажайып сәт»:
- Балалар есіктің артынан бір дыбыс шығатын секілді, қане қарайыншы (есікті ашып ойыншық қонжықты кіргізу).
- Бұл кім балалар?
- Қонжық.
Сөздік жұмыс: қонжық
Билингвалды компонент: Қонжық -
- медвежонок - little bear
- Қонжық, сен қайдан келдің, қазір барлық аюлар ұйықтап жатыр ғой?
Қонжық:
- Балалар, мен қыс дегеннің не екенін білмейді екенмін. Анам ұйықтап жатқанда ерте ояндым да сендерге келдім, сендер маған қыс туралы айтып бересіңдер ме?
Қонжықты балалардың қасына отырғызу.
Қыс туралы слайд көрсету.
Балалар слайдты қызыға көреді және әрбір көрсетілген сурет жөнінде айтып отырады. Мысалы: қыста қар жауады, боран соғады т. с. с.
Жұмбақ
(мнемокесте арқылы):
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Бұл не? (қар)
- Балалар, сендер қысты жақсы көресіңдер ме?
Балалардан қысты неліктен жақсы көретіндерін сұрау.
Шынында да қыста бәрі жақсы ма, мүмкін жаман жағы да бар шығар?(ТРИЗ элементері –«Жақсы - жаман»)
Балалар қыстың жақсы жақтарын(қар жауады, қар лақтырысып ойнайды, Аяз ата келеді, шанамен сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз, қардан қамал тұрғызамыз) және жаман жақтарын( суық, тоңамыз, тайғанап құлап денемізді ауыртып аламыз т. б.) салыстырып айтады
Дыбыстық жаттығу.
Ыс — ыс - ыс, келді қыс.
Ан - ан - ан, соқты боран.
Қазір біз қонжыққа қыс туралы тақпақ айтып берейік. (мнемокесте арқылы)
«Қыс»
Тауға шықсам қалың қар,
Сайға түссем қалың қар,
Шырша үсті қалың қар,
Байқаңдар, қар астында,
Ұйықтап жатқан аю бар.
Мнемокестеге қарай отырып тақпақты айтып үйренеді
Алдымен қандай суреттерді көріп тұрғандарын айтады, сосын сол суреттерді өлең жолдарына айналдырып айтады.
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт - сарт - сарт,
Шапалақ соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз
Етік киіп аламыз,
Топ - топ - топ.
Топылдатып билейміз,
Тоңса біздің денеміз.
Тоңды киіп аламыз,
Зу - зу - зу,
Шанамен зулаймыз.
Қонжық:
- Балалар, сендер қыс туралы бәрін біледі екенсіңдер. Бірақ менің анам қысты өмірі көрген жоқ, осының бәрін оған қалай айтып жеткіземін?
Балалар тақтада ілулі тұрған суреттердің ішінен қыс тақырыбындағы суреттерді ғана алып, ақ бетке жабыстырып кесте құрастырады, анасына апарып беруін өтінеді.
Қонжық: Үлкен рахмет! Сендер маған көп көмектестіңдер! Қоштасады.
Тәрбиеші балаларға қонжықтың осында келе жатқанда бір уыс қар ұлпаларын ала келгенін және оны балаларға бергісі келетінін айтады.
Ойын: «Қар ұлпалары».
Балалардың алақандарына қар ұлпаларын салу және үрлету.
Балалар алақанындағы қар ұлпасына үрлейді (мұрынмен терең дем алып, ауызбен ұзақ үрлеу; мұрынмен терең дем алып, ауызбен кезек - кезек үрлеу).
Балаларға қыс туралы тақпақты тағы бір рет қайталату.
- Бізге бүгін қонаққа кім келді? (Қонжық - медвежонок)
- Біз оған не туралы айтып бердік?( Қыс туралы)
- Біз оған қалай көмектестік(Анасына қыс мезгілі жайлы суреттерді жібердік.)
Бүгін барлықтарың жақсы жұмыс жасадыңдар. Маған сендердің қайтарған жауаптарың өте ұнады.
Біледі: қыс мезгілі туралы;
Игереді: сұрақтарға толық жауап беруді; кестеге қарай отырып сөйлем құрауды;
Меңгереді: басқа тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімді.
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы
Солоновка ауылы, «Балауса» балабақшасы
«Күншуақ» тобының тәрбиешісі
Захарьянова Гульбаршын Какановна

Мотивациялы - қозғаушылық кезең.

Ұйымдастырушылық - ізденістік кезең

Рефлексиялы - түзетуші
- Бізге бүгін қонаққа кім келді? (Қонжық - медвежонок)
- Біз оған не туралы айтып бердік?( Қыс туралы)
- Біз оған қалай көмектестік(Анасына қыс мезгілі жайлы суреттерді жібердік.)
Бүгін барлықтарың жақсы жұмыс жасадыңдар. Маған сендердің қайтарған жауаптарың өте ұнады.
Күтілетін нәтиже: