Қош келдің жаңа жыл!
Мектепалды даярлық тобы
Берекелі жыл болсын, барыс жылы еліме
1- жүргізуші: Армысыздар құрметті ауыл тұрғындары
2- жүргізуші: сау-саламат бармысыздар ауылымыздың ханымдары мен ханзадалары, ару қыздары мен арманшыл жігіттері
Бірге: Баршаңызды келе жатқан 2022 барыс жылымен құттықтаймыз!
1- жүргізуші: Келді міне, жаңа жылым аппақ болып, ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып қонысың құтты болсын Барыс жылы
Келіңіз елімізге ырыс болып
2- жүргізуші: Барыс жылы құтты болсын еліме
Ырыс әкел, бақыт әкел жеріме
Бейбітшілік жылы болып әрқашан
«Берекелі жыл болсын, Барыс жылы еліме!» атты жаңа жылдық Көгімде күн күлімдеші, күлімде - деп бүгіні кешімізді ашып беру үшін сөз ауыл әкімі Қалибеков Дуланбек ағайға беріледі
Ән: «Жаңа жыл» - орындайтын Қоблаш Перизат 1- жүргізуші:- Айтшы осы жаңа жылдың басты кейіпкері кім?
2- жүргізуші:- Әрине, Аяз ата
1- жүргізуші:- Дұрыс, бізше Аяз ата, орыстарда Дед мороз, европа елінде Санта Клаус. Сол Санта Клаус деген кім, ол қандай мағына береді, білсең айтшы?
2- жүргізуші - ия, шынымен қандай мағына береді? мен білмейді екенмін білсең өзің айтшы.
1- жүргізуші: - әрине білемін, білмесем саған сұрақ қылып қоямын ба? Санта Клаус деген Святой Николай деген яғни күнәдан пәк Николай деген мағына береді. Сол періште Николай жаңа жыл мерекесінде бар адамның тілегін орындап, сыйлық береді екен. Енді түсіндің бе? Осыны есіңде сақта.
2- жүргізуші: Түсініп, қабыл алдым.
1- жүргізуші: - Саған тағы бір сұрақ қойсам деп едім
2- жүргізуші:- Ал, қой ендеше
1- жүргізуші:- Осы Ленин атамыз кеңес өкіметін құрған соң жаңа жыл мерекесі тойланған ба?
2- жүргізуші:- Ту сенде бір қай қайдағы сұрақтарды тауып алады екенсің.
1- жүргізуші:- Білмесең білмеймін десеңші
2- жүргізуші:- Ал білмеймін
1- жүргізуші:- Тойланбаған. Ленин атамыз бұл мерекені капиталистердің мерекесі деген. Тек 1935 жылдан бастап жаңа жыл мерекесі тойланған онда да Украин мемлекетінің пионерлері хат жолдап сұраныс жасаған. Тойлап жатқан мерекеміздің тарихын да білуіміз қажет ғой дұрыс па?
2- жүргізуші –Құп, қабыл алдық.
1- жүргізуші: Ау жарандар, қараңдар
Жауып тұр қар себелеп
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек
Тым алыстан, марстан
Келер Аяз атамыз
Жылды тойлап, күліп ойнап
Көп қызыққа батамыз.
2- жүргізуші:Шыршамыздан басталғандай көрік нұр
Жаңа жылым баршаңызды өбіп тұр.
Қарсы алайық, ал қанекей халайық
Ақшақар мен Аяз ата келіп тұр
(Ақшақар мен Аяз ата келеді, амандасып болған соң)
1- жүргізуші: Енді міне шамалы уақыттан кейін жаңа 2010жылымыз тарих табалдырығын аттағалы тұр. Ескі жылмен жаңа жылдың орын ауыстырар шағында біз өткенге көз жіберіп биыл қандай табысқа жеттік, өтіп бара жатқан сиыр жылы бізге қандай із қалдырды деген сауалдарға жауап іздейтініміз хақ. Сиыр жылы да еліміздің құлаш жайып көркейіп, өркендеп келе жатқанын паш етті.
2021 жыл Қазақстан халқының қайсарлығын шыңдап әлемдік қаржы дағдарысына төтеп беруге өз үлесін қосты. Табалдырығымыздан аттап енгелі тұрған Барыс жылы да елімізге берекелі жыл болып, ел экономикасының дамуына өз үлесін қосады деп үміт артамыз.
2- жүргізуші: Алдық міне азаттық еріктілік
Еріктілік мәңгілік беріктілік
Егеменді ел болдық ел таныған
1- жүргізуші:Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық
Отыр міне жер жүзі танып біліп.
ән орындайтын Азамат Қосмамбетов.
Жаса. жаса достық бірлік туыстық
Құттықтайық жаңа жылды өнермен
Қуаныштың әр минуты тым ыстық - деп мерекелік лебізін тыңдау үшін ауылымыздағы балабақша меңгерушісі шақырылады....(Балабақша қызметкерлерін ортаға биге шығады)
«Ұмытар емеспін»- орындайтын: Әлиев Таңат Ұ. Аширбекованы ортаға шақырамыз.
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
2- жүргізуші:- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
«Айнам- ау»- орын. Сыздықов Бауыржан
1- жүргізуші:Қош келдің даламызға жаңа жылым
Паш етіп молшылықтың жаңа жырын
Жүйткіген желден жүйрік тірілік ағын
Орнатып сан көңілге үміт нұрын. - дей келе ауылды емханамыздың бас дәрігері Рахметова Гүлбақыт ханымның мерекелік лебізін тыңдасақ
«Қар үстіндегі алма»- орын Өтепбергенов Ғабит
Емхана қызметкерлерін қошеметпен ортаға биге
2- жүргізуші:- Өмір деген тоқтаусыз аға берер
Бұл күнге келер ұрпақ баға берер
Егеменді елімнің ертеңі үшін
Жыл болғай тыныштығын ала келер.
«Мен сені таба алмадым»- орын Қиятбаев Әділхан
1- жүргізуші: Жаңа жыл жаңа бақыт жаңа нұр бол
Еліме қуанышты сен жыл бол
Махаббатты аңсаған жас жандарға
Қауызын жаңа ашқан аппақ гүл бол - деп кезеті құттықтау сөзді 100 мектеп директоры Мамбетов Әлішер мырзаға береміз
«Әттең - ай»- орын Қосмамбетов Рақымжан
Мектеп ұжымын ортаға биге шақырамыз
2- жүргізуші: Енді мерекелік лотерея билетін ойнатсақ.
(Аяз ата мен Ақшақар ойнатады)
2- жүргізуші – Мен саған сұрақ қояйын, жауап бересің бе?
1- жүргізуші: Кезекті жақсы бір әнге берсек
«Кездесерміз біз әлі»- орын Әлиев Таңат
1- жүргізуші:- Осы жерде бізден де басқа ел бар ғой оданда сол көрермендерге қойсақ қайтеді?
2- жүргізуші: - жүр ендеше
1- жүргізуші; Аяз атада үй болады ма? (көрермендер жауабы)
2- жүргізуші:Аяз ата нешеде? (көрермендер жауабы)
1- жүргізуші:Сіз шынымен шын Ақшақарға ғашық болып қалсаңыз оған үйленер ме едіңіз?(көрермен жауабы)
2- жүргізуші: ендігі кезекті әнге берсек
«Ақторғын»- орын Сыздықов Бауыржан
2- жүргізуші: Лотерея билетіне кезек берейік
1- жүргізуші: сен де Аяз ата мен Ақшақарға өз өнеріңді көрсетсей, ауылдың әнші жігітінің бірісің қандай шашуың бар жылға. жаңа
«Беу айдай»- орындайтын Итіғұлов Данияр
1- жүргізуші: - Аяз ата мен Ақшақарды әлі де алыс сапарлар күтіп тұр екен, олар бізбен қоштаспақшы
Қуаныш сыйлап әр үйге жаңа жылды әкелдің. (Аяз атамен Ақшақар қоштасып қайтады)
2- жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар сапарларың оң болсын!
Асуларда, белдерде тілегіміз әрқашан
Аппақ нұрлы жол болсын!
(Ән, би)
1- жүргізуші: Бүгінгі жаңа жылдық кешіміз өз мәресіне де жетті.
Кештің жақсы өтілуіне қошемет көрсетіп, қуанышқа ортақ болғандарыңыз үшін баршаңызға рахметімізді айтамыз
Берекелі жыл болсын, Барыс жылы еліме
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы