Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
"Қанат туралы хикая" Фариза Оңғарсынова
Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая. Ф. Оңғарсынова.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты ашу, өлеңнің мазмұны туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Бала өміріндегі ата - ананың маңызы зор екендігі туралы түсінік беру. Бала бойындағы аяушылық, мейірімділік, ата - анаға деген ыстық сезімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, ата - ананы сыйлауға, өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Топтық, жарыс сабақ,
Сабақтың өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Көрнекілігі: топтау, венн диаграммасы, ребус, мақал - мәтелдер.
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, ән, қазақ - тілі.

Сабақтық жүрісі:
Психологиялық дайындық: Бір - біріне тілек айту.
Қызығушылықты ояту: ( Үй тапсырмасын тексеру.)
1. Бата дегенді қалай түсінесің? Қандай түрлері бар?
2. Дастарханға берілетін бата
3. Тұсау кесерде беретін бата.
4. Ас қайырғанда берілетін бата

Мақал - мәтелдер; «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді»
«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»
«Бақыттың басы балада, баланың нәрі анада»

Мағынаны тану: (Суретпен жұмыс) Суретте нені көріп тұрсыңдар?
Құстарды
Венн диаграммасы:
І топ
Жабайы құстар:
Қарлығаш, Қарға, Торғай
ІІ топ
Құстардың ортақ қасиеті
Құстар табиғатқа пайдалы адамға дос
ІІІ топ
Үй құстары:
Тауық, Қаз, үйрек

Миға шабуыл: Біз не жайында сөйлестік?
Құстар. Бүгінгі сабағымыз Ф. Оңғарсынова апамыздың «Қанат туралы хикая» өлеңімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс:
Фариза Оңғарсынова

Дарынды ақын
1939ж дүниеге келген.
Атырау облысында туған.
Автор
Поэзия
кітаптар
Лирикалық өлеңдер

Мәнерлеп оқу кезеңі: 1. Өлең не жайында жазылған?
2. Бала балапанға қарап не ойлады?
3. Ақынның өлеңдегі айтайын деген ойы?

Топтау: І топ Ана
ІІ топ Бала
ІІІ топ Әке

І топ
Ана
Ананың алдында асқар тау да аласа.
Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады
Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
Ананың сүті – бал
Баланың тілі – бал

ІІ топ
Бала
Балалы үй - базар
Баласыз үй - қу мазар

Бала тәрбиесі басынан
Еңбекке баулу жасынан

Ұлың өссе – мұратың
Қызың өссе – жұратың

Бала бауыр етің

ІІІ топ
Әке
Әкеге бала қорған
Әкең өлсе де, әкесінің көзі көрген өлмесін
Әке көрген - оқ жонар
Шеше көрген - тон пішер
Әкесінің құрдастың баласы құрдас

Ребус:
Құс - тың - қос - қанатын - дай!

Ой толғаныс: 5 - жол өлең жазу.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама