Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
"Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарын жасау" 8 сынып (қыздар) үлгілі сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Үй мәдениеті
Мектеп: Қайназар №1 орта мектеп КММ
Күні: 23. 04. 2019жМұғалімнің аты - жөні: Көбейова Тұрсынай 
Сынып: 8 «Ә» (қыздар)Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарын жасау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)8. 2. 5. 3.- Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәнді бұйымдар дайындау.
Сабақ мақсаттарыБарлығы: Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәнді бұйымдар дайындайды.
Басым бөлігі: Интерьерге арналған бұйымдарды әр түрлі материалдармен жасай алады.
 Кейбірі: Интерьерге арналған бұйымдарды жасауда өз ойынша әсемдейді.
Бағалау критерийлеріӨз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәнді бұйымдар дайындай алады.
Тілдік мақсаттарОқушылар …
  • Нобай дегеніміз не?
  • Бұйымды жасау үшін қандай құрал - жабдықтарды пайдаланамыз?
  • Интерьер дегеніміз не? және қай тілден шыққан?
  • Интерьердің шығу тарихы туралы сұрақтарға жауап береді.
Пәндік лексика және терминалогия:
  • Лента, ыстық клей, жіп, моншақ, түрлі - түсті картон, бисер, гүлдер, рамка т. б
Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:
  • Интерьер дегеніміз........
  • Ыстық клеймен жұмыс жасау техникасында........
Себебі,...
Құндылықтарды
дарыту
Эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, шығармашылық белсенділігі.
Пәнаралық байланысТарих, қазақ тілі – жаңа сөздер, терминдер.
 Алдағы білімНобай. Материалдар мен құрал - жабдықтар дайындау
АКТКітап, дәптер, Интерактивті тақта
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс - әрекетРесурстар
Сабақтың басы
4 мин
Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу - Түгендеу - Қажетті құрал - жабдықтарын тексеру
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Орнымызға отырып,
Өз ара көз тастаймыз
Табыс тілеп достарға
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз,- дей отырып сабағымызды бастаймыз.
Үй жұмысын тексеру
1. Біздің алдыңғы тақырыбымыз қандай болды? (Нобай. Материалдар мен құрал - жабдықтар дайындау)
- Нобай дегеніміз не? /Бұйымның эскизі, сызбасы/
- Бұйымды жасау үшін қандай құрал - жабдықтарды пайдаланамыз? /Лента, ферт мата, ыстық клей, түрлі - түсті картон, рамка, гүлдер т. б/
2. Үй жұмысына қандай тапсырма берілді? (Жасайтын сәндік бұйымымыздың нобайын, сызбасын жасап келу)
3. Тақырып бойынша дәптерлерін тексеру.
ҚБ: «Жарайсың», «»Жақсы», «Талпын» стикерлерімен бағалайды.
Көрнекіліктер: суреттер мен фотосуреттер
Слайдтар
«Жарайсың», «»Жақсы», «Талпын» стикерлері
Сабақтың ортасы
3 мин
5 мин
5 мин
18 мин
Тақырыпты ашу: Мұғалім барлық оқушылардың қолына сурет береді. (бөлме, арнау тобы, 3D сурет, бренд киім, бұйым жасап отырған адамның суреті). Осы суреттерді біріктіре отырып, бүгінгі тақырыпты ашады. Жауабы:
Бөлме суреті - Интерьер
Арнау тобы - арналған (- ған жұрнағы жалғанады)
3D сурет - 3D
Бред киім - сәнді
Жұмыс жасап жатқан адам - бұйым жасау
ҚБ: (Ауызша. Мадақтау, мақтау)
Бүгін өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйым жасау»
Сабақтың мақсаты: Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәнді бұйымдар дайындайды.
Интерьер - пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырған әрі, сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі. Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты - қолайлылық пен әсемдік. Интерьерлік дизайн – ғимарат ішіндегі элементтер өзара гармониямен орналасуының ыңғайлығы, түстік сәйкестік пен эстетикалық тұрғыдан көркемдік сыйлау мақсатында әзірленетін дизайн саласы. Салдарынан адамдарға жайлылық, әсемдік, көркемдік, тамаша көңіл күй немесе белгілі бір күйге енуіне жағдай жасайды.
Дизайн түрлері романс (классика), модерн (жаңа заманғы стиль) және хай - тек (технологиялық) бағыттары бойынша кез келген объекттерге қолданылады. Мысалы, үй, пәтер, бөлме, мекеме, офис, өнеркәсіптік, өндірістік, тамақтану орындары (кафе, ресторан), дүкен, залл (холл) т. с. с. тақырыптық интерьерлер дизайндары көпшілікке таныс екен. Бүгінде нарықта интерьер дизайнымен айналысатын компаниялар, дизайнерлер өте көп екен. Солардың жұмыстарынан мысал ретінде, Астана қаласындағы «Archi Graphic Studio» интерьер дизайны. Тіпті,«Интерьер тарихы» курсы жұмыс оқу жоспарына сәйкес 5В042100 «Сэулеттік дизайн» мамандығына арналған базалық кәсіби пэн болып табылады. Оқыту мақсаты: «Интерьер тарихы» пәнін оқытудың мақсаты тұрғын жэне қоғамдық ғимараттарды жобалау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағды алу болып табылады.

Тапсырма №2 «Кім жылдам?» әдісі
Тақырып бойынша қысқаша түсіндірген болатынмын, ендеше «Кім жылдам?» әдісі арқылы сұрақтарға тез жауап беріп, бүгінгі тақырыбымызды одан әрі ашайық.
  • Интерьер дегеніміз не? және қай тілден шыққан?
/Интерьер - пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырған әрі, сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі/
  • Интерьердің шығу тарихын айтып бер.
  • Интерьерде қолданылатын дизайн түрлерін ата және оларға түсініктеме бер.
/романс (классика), модерн (жаңа заманғы стиль) және хай - тек (технологиялық) бағыттары/
  • Интерьерге арналған қандай сәнді бұйымдарды және 2D/3D форматтағы сәнді бұйымдарды ата
/2D форматтағы бұйымдарға: айна, жапсырма, жазық панно т. б
3D форматтағы бұйымдарға: көлемді картина, ваза, қыш құмыра т. б
  • Қазіргі кездегі интерьер өнері
Дескриптор:
1. Интерьер терминін және оның шығу тарихы туралы ақпарат алады.
2. Интерьерде қолданатын дизайн түрлерін біледі және бір - бірінен ажырата алады.
3. Интерьерге арналған сәнді бұйымдарды және 2D/3D форматтағы сәнді бұйымдар туралы біледі.
4. Қазіргі кездегі интерьер өнерінің қаншалықта дамығандығы немесе керісінше екендігін байқайды.
ҚБ. әдісі арқылы бірін - бірі бағалайды.
Жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске тусірейік және сабақ барысында ережені ұстанайық балалар?!
Тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасын естеріне түсіріңіз. 
 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы:
 • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
 • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
 • құрал - саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
 • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
 • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
 • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
 • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 
Тапсырма №3Жеке жұмыс. Алдыңғы сабақтарда жасаған эскидер бойынша практикалық жұмыс барысы.
Әр оқушы тақырыпқа байланысты әр түрлі заттардан суретке қарай отырып, жасаған эскиздерін біріктіріп, безендіріп, бұйымды дайындайды.
Сергіту сәті. Музыка арқылы
Дескриптор
  • Әр түрлі заттардан бұйым жасай алады.
  • Бұйымды жасауда түстерін, пішіндерін үйлестіре отырып жасай алады.
  • Ыстық клеймен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Жұмысты талқылау. «Кубизм»
Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырламарды бөлу:
  • Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).
  • Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).
  • Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).
  • Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).
  • Қолдан (бұнымен не жасауға болады?).
  • Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?) 
Суреттер
Слайдтар
Слайдтар
Суреттер
Карточка, стикер
Қауіпсіздік ережесін сақтау үшін алжапқыштар
Лента, ферт мата, ыстық клей, түрлі - түсті картон, рамка, гүлдер т. б
Куб
Сабақтың соңы.
(5 мин)
Қорытындылау. Бағалау. Жұмыстарды салыстыру. Өзара бағалау, өзін - өзі бағалау және - мұғалімнің бағалауы. 
 Кері байланыс.«Бес саусақ» әдісі

 
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»- шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»- көңіл - күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
 Үй тапсырмасы: Бұйымды аяқтау, сәндеу.
Стикерлер
Бес саусақтың суреті
Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғарықандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағыбасқа)
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  
Саралау әр - түрлі тапсырма бойынша көрсетіледі:Дескрипторлар, бағалау критерийлері бойынша бағалау. Өзін - өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы.Тәжірбиелік жұмыс барысында көзге жаттығулыр қолданылады.
Қауіпсіздік техникасының ережелері:
• жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
• оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
• құрал - саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:.
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама