
- 23 шіл. 2025 22:07
- 27
Құрықтағы мектеп шатыры құлады: ғимарат небәрі 16 жыл бұрын салынған
Құрықтағы мектеп шатыры құлады: ғимарат небәрі 16 жыл бұрын салынған
Маңғыстау облысы, Құрық ауылы — 23 шілде күні таңғы 06:30 шамасында жергілікті мектеп-гимназияның акт залының шатыры опырылып түсті. Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, сараптама жүргізіліп жатыр. Шатырдың не себепті құлағаны әзірге белгісіз. Дегенмен тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушылары құрылыс сапасына күмән келтіруде. Себебі бұл мектептің пайдалануға берілгеніне небәрі 16 жыл болған.
Жергілікті қауымдастық мердігер компания сапасыз материал қолданған немесе жобалық құжаттар талапқа сай орындалмаған болуы мүмкін деп санайды. Алайда ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ.
Құрық тұрғындары биліктен ашық тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде.
Бұл жағдай – еліміздегі білім беру нысандарының құрылыс сапасына қатысты жүйелі мәселені ашық көрсетіп отыр.