Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 49 минут бұрын)
Қырғызстанда ҰҚК басшысы «Грудак» лақап атымен ұсталды

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Бішкек қаласы бойынша 6-шы басқармасының басшысы ұсталды. Бұл туралы Vesti.kg сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, «Грудак» лақап атымен танымал шенеунікті әскери прокуратура қызметкерлері тұтқындаған. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстармен айналысатын басқарманы басқарған.

Бірінші мамыр аудандық сотының шешімімен А.Т. есімді азамат 15 сәуірге дейін уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Бұған дейін Қырғызстан БАҚ-тарында Чуй облысы бойынша ҰҚК тергеушісінің «Вазелин» лақап атымен ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Ол бұған дейін ұсталған Бішкек қаласы бойынша ҰҚК басқармасының бұрынғы басшысы Эльдар Жакыпбековтің жақын серігі саналған.

Жаңалықтар

Жарнама