Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Р дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Білімді тиянақтау
Білімділік мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, жалаң, жайылма сөйлемдер туралы білімдерін кеңейту, сөйлем мүшелеріне талдау, сөйлем мүшелерінің байланысын анықтай білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Сөйлемді жүйелі құра біліп, өздігінен қорытынды жасай білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Білімді болуға ұмтылуға, зерделі,
зейінді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кестелер, сөзжұмбақ, сызбалар, графикалық диктант, үлестірмелі қағаздар
Әдісі: талдау, жинақтау, топтау, дәлелдеу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Қазақ тілі -
Халық тілі.
Тіл аманда
Халық тірі,- деп ақындарымыз жырлағандай, қазір бізде - қазақ тілі сабағы. Сабақтың негізгі мақсатын айту.
2. Психологиялық дайындық.
Сабағымызды бастамас бұрын сендерге жүрекшелер таратылады. Әр оқушы қасындағы оқушыға жақсы тілектерін жазады. Бір - біріне береді.
Хормен: Жүрекшені алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Әрі ізгі, әрі жарық, жанашыр,
Мейірімді болып кетер жан - жағым.
Балалар, жылы лебіздер жазылған жүрекшелеріңді мына үлкен жүрекке іле қойыңдар.(келіп іледі)
Сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендерге жүректерің мейірімге толы болсын деп айтқым келеді.
3. Көркем жазу.
Сабағымыздың әр кезеңінде бізге шартты белгілер көмекке келіп отырады.
«Көркем жазу» шартты белгісі.
Бұл әріп жылқышының құрығындай,
Қарашы, құрыққа ұқсап тұруын - ай!
Бұл қай әріп?
Р әрпі. (ы, і) рақмет
рет, рас
Р әрпін хормен айту.
Артикуляциясы: Р – тілдің алдымен және дірілмен айтылуды бейнелейтін үнді дауыссыз дыбыс. Сөздің барлық буынында кездеседі. Кейбір сөздерде сөз басында айтылғанда, оның алдынан қысаң ы, і дыбыстары қосарланып айтылады.
Р әрпін бір жол жазу.
Р дыбысына байланысты сөзжұмбақты шешіп, дәптерге жазу.

Сөзжұмбақ
(Барлығының үшінші әрпі р әрпінен тұрады).
1) Дәнді-дақыл.
2) Құс.
3) Ағаш.
4) Еңбек құралы.
5) Жануар.

Р дыбысына байланысты жаңылтпаштар айту.
1. Райхан гүлін терген,
Райгүл шаттанды.
Райгүлге Рая
Раушан гүлін сыйлап,
Рақаттанды.

2. Омар ора алар,
Омар ора алмаса,
Орал ора алар.

3. Ақ шар бар,
Көк шар бар.
Көп шар бар,
Бес шар бар.

4. Үй тапсырмасын тексеру.
! «Өзіңді - өзің тексер!»шартты белгісі.
Ендеше, үй тапсырмасы бойынша білімімізді тексеріп көрейік.

Қаратпа сөз дегеніміз не?- деген сұраққа жауап беру үшін мына айтылған пікірлердің дұрыс, бұрыстығына көз жеткізіп көрейік. Айтылған пікірмен келіссеңдер, қызыл түсті көтересіңдер. Келіспесеңдер, жасыл түсті көтересіңдер.

Қаратпа сөз

Сөйлем мүшесі
Бұл сөзден кейін үтір қойылмайды
Біреудің назарын аудару үшін
Біреуге қаратылып айтылмайды
Сөйлем мүшесі бола алмайды

Ережені айту.
5. Білімді тиянақтау
«Ізденіс» шартты белгісі.
Балалар, қазір сендердің алдарыңда екі тапсырма тұр. 1 - ші тапсырмада дауыссыз дыбыстар геометриялық фигуралармен берілген. Орнына қойып сөйлемді оқыңдар.
1. Ұ ■а▲ ▲о ♦●ы.
Жауап: Ұшақ қонды.

2.
А н б з а
т а а о д
а д л а ы
Жауап: Атадан бала озады.

Екі сөйлемді салыстыру.
1) Ұшақ қонды.
1. Жалаң
2. Бастауыш, баяндауыш
3. Тұрлаулы мүше

2) Атадан бала озады.
1. Жайылма
2. Тұрлаусыз мүше
3. Басқа сөз

Ортақ белгісі
1. Сөз таптары
2. Сөйлем мүшесі

6. Сергіту сәті.
Доп қудым,
Көп қудым.
Шөп будым,
Көп будым.

Күн шықты,
Нұр шықты.
Ай туды,
Жай туды.
Су ақты,
Қуатты.
Қар жауды,
Мол жауды.

7. Кітаппен жұмыс.
Кітап - 108 бет. 1 - ші жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу. Талдау.
(сөйлемдерді оқу, талдау, 1, 3 сөйлем)

8. Бекіту.
? «Тереңойла!» шарттыбелгісі
Сабақтың қорытынды кезеңінде үлестірмелі қағаздар таратылады. 10 сұрақ цифрлармен белгіленген. «Иә»немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы белгі саласыңдар.
Иә жоқ

Тексеру. Қателескен сұрақтардың астын сызу.
9. Қорытынды.
Түстер арқылы мінездеме беру.
(10 сұрақ оқылады, оқушылар белгі салады)
Тексеру.
Қандай сұрақтан қателестіңдер, сол цифрдің астын сызып қойыңдар.
9. Қорытынды.
Түстер арқылы мінездеме беру.
10. Үй жұмысы: Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама