Й әріптерінің жазылуы
Тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы
Білімділік мақсаты: Сөздерді жазу кезіндегі и, й дыбыстарын ажырата білу, танымдық тапсырмалар арқылы өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісінің кеңеюіне жол ашу, ізденімпаздық, талдау, дәлелдеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істей отырып, ұйымшыл, бірлікшіл болуға, достықты қадірлей білуге баулу.
Типі: Оқу материалдарын бекіту сабағы
Түрі: Сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтау, жинақтау, дәлелдеу, зерттеу
Көрнекілігі: Суреттер, шығармашылық тапсырмалар, семантикалық карта, сызбалар, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Балалар екі топқа бөлініп дөңгелене отырады. Орындарынан тұрып, шаттық шеңберін құрады.
- Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ?
- Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбірісің?
- Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің?
- Шындық, бірлік, адалдық.
(Екі топ өздерін таныстырады. Сабақ екі топ арасында сайыс түрінде өтеді.)
1 - топ. Топтың аты: Болашақ!
Топтың ұраны: Болашаққа барамыз,
Біз – білімді баламыз!
2 - топ. Топтың аты: Шамшырақ!
Топтың ұраны: Шамшырақ боп жанамыз,
Оқып білімаламыз!
II. Психологиялық дайындық.
(Өз қалауы бойынша таңдау)
Балалар, осы күндердің біреуін таңдаңдар десе, қайсысын таңдар едіңдер? Ендеше, мына күліп тұрған күндей көңіл - күйлерің жайдары, ашық, көтеріңкі екен. Мен сендерге тек қана сәттілік тілеймін!
III. Көркем жазу.
(Өлең оқылады)
Суға түссе балықтай,
Жүзе берер жалықпай.
Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қалады - ай.
(Сұрақтарға жауап береді)
- Өлең не туралы?
- Қаз деген сөз қай дыбыстан басталып тұр деп ойлайсыңдар?
(Қ дыбысын хормен айтады)
Артикуляциясы: Қ - тілдің артқы шені таңдайдың артқы шеніне нық тиіп, содан кейін бірден ажырауынан жасалатын дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп. Барлық буында кездеседі, тек жуан дауыстылармен тіркеседі.
(Қ әрпін дәптерге жазады)
Әріпке байланысты тапсырма: жемістер мен көкөністердің атауларында қ дыбысы болса, сол сөздерді дәптерге жазу.
1. «Болашақ» тобына:
«Шамшырақ» тобына:
IV. Үй тапсырмасын тексеру.
(Әр топ үй тапсырмасының орындалу жағдайын түсіндіреді. Ереже. 82 - жаттығу)
1. Үй жұмысы бойынша тапсырма беріледі. И дыбысының жазылуы жайындағы пікірлерін ортаға салады.
«Болашақ»тобына:«Шамшырақ» тобына:
Ережені өздері қорытындылап шығарады: «И дыбысының алдында ы, і естілгенімен, олар жазылмайды».
Әр топ өз тапсырмаларындағы шие, сиыр сөздерін буынға бөліп, сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Әр топ қарсы топтың сөзіне сәйкес жатқа өлең айтады:
1 - топ: Сәйгел тисе мөңкіген,
Оқыра тисе жөңкіген,
Ала бас жіп естірген,
Мұрнын тура тестірген…
Саздау жерге тоқтаған,
Үй арасын қақтаған,
Сиыр деген мал екен!
2 - топ: Шиемін мен, шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе піскенде,
Басымды мен иемін.
V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Венн диаграммасы бойынша жұмыс.
Берілген сұрақтар бойынша оқушылар и, й дыбыстарының айырмашылықтарын, ұқсастықтарын табады. Екі дыбысқа ортақ пікір айтады.
«Болашақ» тобына:
1. И дыбысы қандай дыбыс?
2. Сөз басында кездесе ме?
3. Қандай дыбыстан соң жазылады?
4. Қай буында кездеседі?
«Шамшырақ» тобына:
1. й дыбысы қандай дыбыс?
2. Сөз басында кездесе ме?
3. Қандай дыбыстан соң жазылады?
4. Қай буында кездеседі?
1 - топ Ұқсастығы 2 - топ
Ережені өздері қорытындылап шығарады: «И - дауысты, й - дауыссыз. И әрпі сөз басында, дауыссыздан соң, ал й әрпі дауыстыдан кейін жазылады».
2. Сөздікжұмыс.
Мұғалім: Балалар, өздеріңайтқандай, дауыссыз й дыбысы кейбір жекелеген сөздердің басында ғана кездеседі. Мысалы: йод, йокс.
Йод – жараға жағатын сұйық дәрі. Йокс – суық тиіп тұмауратқанда қолданылатын дәрі. Онымен ауызды шайып, ем жасайды.
(Йоксдәрісітуралыақпараттықізденісжұмысынжүргізгеноқушыжаттағанөлеңіноқиды)
Йокс - тұнба, тымз әрлі,
Йокс - шипа, бұл дәрі.
Йокспен шайсаң ауызды,
Йокс қуар тұмауды.
(Оқушылар осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер ойлайды.)
3. Семантикалық карта.
Сөздер беріледі. Көп нүктенің орнында қандай дыбыс екені белгісіз, оқушылар сол дыбысты тауып, и, й әріптерінің тұсына нүктемен белгілеп отырады.
«Болашақ» тобына:
й
и.....
к…ік ме…із ша…ыр
қа…ың т…ін п…ма
б…ші а…на сы…лық
«Шамшырақ» тобына:
и
й....
к…ім а…ыр тү…ме
ты…ым с…ыр ш…е
ә…нек ж…ю жа…ын
VI. Сергіту сәті.
(Орындарынан тұрып, шеңбер құрады. Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.)
Доп қудым, --------- Су ақты,
Көп қудым. --------- Қуатты.
Шөп будым, -------- Қар жауды,
Көп будым. --------- Мол жауды.
VII. Кітаппен жұмыс.
83 - жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып, дәптерге көшіріп жазады.
84 - жаттығу. Ауызша орындалады. Ереже бойынша түсіндіреді, дәлелдейді.
И киім й айна
себебі: и - дауысты,... себебі: й - дауыссыз,...
VIII. Бекіту.
1. Үлестірмелі қағаз таратылады. И, й әріптері қате жазылған сөздерді түзеп, дұрысын жазады.
VIII. Қорытынды.
(Сабақ туралы өз ой – пікірлерімен бөліседі, оқушыларға белсенді іс – әрекетіне қарай баға қойылады)
Рефлексия.
«Алақан» ойыны: Екі топ бір – біріне алақан жылуын сездіре отырып, жүрегіне ұялаған жақсы сөздерді жазу керек. Қарсы топтың әр мүшесіне бір сөзден жазып, мінездеме береді. Ол үшін алақан бейнесі салынған суреттер беріледі. Сөздерде и немесе й әріптері болу керек.
1 - топ 2 - топқа: Аружан - ибалы, Диана - биші, Теміржан - ойшыл, Ақниет - инабатты, Делназ - биязы, Ерзат - қайырымды.
2 - топ 1 - топқа: Әрсен - айнадай, Алтынай - жинақы, Ботагөз - сүйкімді, Ғалия - ибалы, Ермұқан - мейірімді, Сабина - тиянақты.
IX. Үй тапсырмасы.
И, й әрпі бар құс аттарын жазып келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.