ult.kz
- 03 мау. 2026 15:00
- 22
Руслан Өтепбай Үндістанға аттанды: 16 жастағы қазақ жігітінің ұрығын елге қайтару үшін
Журналист Руслан Өтепбай маңызды мәселені шешу үшін Үндістанға аттанды. Оның басты мақсаты – Қызылорда облысының 16 жастағы тұрғыны Сұңқар Сәбит қайтыс болғаннан кейін сол елдегі медициналық мекемеде сақтаулы қалған ұрығын Қазақстанға жеткізу.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жасөспірімнің тағдыры
Сұңқар Сәбит анасымен бірге аталық безінің қатерлі ісігін емдету үшін Үндістан астанасы Делиге барған. Дәрігерлер химиялық терапия басталмай тұрып, болашақта ұрпақ сүю мүмкіндігін сақтау үшін жасөспірімнің ұрығын арнайы жағдайда қатырып сақтауды ұйғарған.
Алайда, өкінішке орай, Сұңқар қатерлі ісіктен емес, жүрегіндегі тромбтың жарылуы салдарынан көз жұмған. Ол елге бармас бұрын 12 күн ем қабылдаған.
Руслан Өтепбайдың миссиясы
Қазіргі таңда қайғыдан қан жұтқан ананың басты арманы – ұлының ұрығын елге қайтару. Осы мақсатта журналист Руслан Өтепбай бүгін Үндістанға ұшып бара жатқанын мәлімдеді. Ол бұл істің қиындықтары мен ерекшеліктері туралы айтып берді.
Бұған дейін марқұмның анасы Райхан Мәлікова «Мedical travel» компаниясының делдалдарына алданып қалғанын айтқан болатын. Алайда, компания басшылары анадан ешқандай ақша алмағанын мәлімдеген.