Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған - Айдос Үкібай

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай қоғамда тараған Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Бұл туралы ол өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Infohub.kz.

«БАҚ-тан келіп түскен көптеген сұрауларға байланысты келесіні хабарлаймын. Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұған дейін бірнеше ақпарат құралдары Сара Назарбаева көз жұмды деген мәлімет таратқан болатын. Алайда әзірге бұл деректер ресми органдар тарапынан расталмады.

Сара Алпысқызы Назарбаева – қайырымдылық пен балаларға арналған әлеуметтік жобаларға бастамашы болған тұлға. Ол «Бөбек» қоры мен «Өзін-өзі тану» бағдарламасы арқылы қоғамдық өмірде белсенді рөл атқарған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама