- 05 нау. 2024 02:57
- 165
Ш дыбысы және әріпі
Білім беру саласы: Коммуникация
Білім беру бөлімі: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы және әріпі
Сабақтың мақсаты:
білімділік: балаларды ш дыбысымен және әрпімен таныстыру, дидактикалық ойындар арқылы жылдам әрекет етуді үйрету;
дамытушылық: ертегі тыңдату арқылы дұрыс қорытынды жасай білу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қиялдарын дамыту;
тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тазалыққа, достыққа баулу.
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру
Жылулық шеңбері
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын!
Күлші, кәне, досым
Күлші, кәне, досым
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Тек бестіктер болсын!
Ұйымдастыру - іздестіру
Жаңа материалдың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Бүгінгі жаңа тақырыпты таныстырмас бұрын мен сендерге бір шумақ өлең оқып берейін, осы өлеңнен бүгінгі біздің танысатын жаңа дыбысымыз жиі естілетін болады. Олай болса, мұқият тыңдаңдар және қандай дыбыс туралы айтқанымды тауып көріңдер.
Шоршиды шортан, шорағай,
Шабақ аулап шағала.
Шегіртке қуып Шорабай,
Шапқылар шилі жағада.
Қандай дыбыс екен?
Дұрыс таптыңдар, бұл өлең жолдарында Ш дыбысы жиі қайталанып тұр.
Балалар, бүгін біздің сабағымызға «Шырылдауық шегіртке» келіп отыр. Ол орманда өлең айтып жүріп, қыстың қалай тез түскенін байқамай қалыпты. Қыстық азығын дайындамағандықтан, шырылдауық шегіртке бізден көмек сұрап келіпті. Бүгінгі сабақтың соңында барлығымыз бірлесе отырып, шегірткеге қысқы азығын дайындауға көмектесейік. Шегірткеге көмек беру үшін берілген тапсырмалардың барлығын орындау керек. Егер тапсырмалар орындалмай қалса, шегірткеге көмектесе алмаймыз.
Балалар, бәріміз бірге Ш дыбысын хормен айтайық. Ш дыбысы қандай дыбыс екен? Әрине, дұрыс айтасыңдар. Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс.
Ал, енді Ш дыбысынан басталатын сөздерге мысалдар келтірейік: шаңырақ, шаңғы, шаңғышы, шар, шәйнек, шай, шырша, шана, шағала, шеге, шие, шегіртке, шырын және т. б.
Буындарды оқы: ША ШУ АШ
Ша -, шу -, - аш – буынынан басталатын сөздер айт.
Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Сергіту сәті
Қарлығаш болып ұшамыз,
Түлкі болып қашамыз,
Қырғауылдай тапқыр боп,
Орнымызды табамыз.
Жаңылтпашты жатқа айт
Шаңғышы Сатыш шаңғы алды,
Жарысқа Сатыш қамданды.
Атауы ш дыбысынан басталатын заттың суретін боя
Саусақ жаттығуы
Саны болар оншақты,
Шашып алдым моншақты.
Шымшып, теріп аламын,
Қорабына саламын.
Ш әрпінің баспа түрімен және жазылу үлгісімен таныстыру
Ш әрпін ауада жаздырту
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық
Дәптердегі үлгіге қарап, тапсырманы орындау
Дидактикалық ойын
Тақтаға ілінген суреттердің ішінен ш дыбысынан басталатын суреттерді жинап, Ш дыбысының үйінің түсін анықтау.
Рефлексивті-түзетушілік
Қорытындылау
Жарайсыңдар, балалар! Сендер шегірткеге үлкен көмек көрсеттіңдер. Енді шегіртке сендердің көмектеріңмен қыстан аман - есен шығатын болды.
Шегіртке сендерге алғыс ретінде мына күлегештерді сыйлап отыр. Шегірткенің сыйлығын қабыл алыңдар.
Өтілген материалды сұрақ - жауап арқылы бекіту
- Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ш дыбысы қандай дыбыс?
- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
Балаларды сабақтағы белсенділіктеріне қарай мадақтау, үлгі ету.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы қаласындағы М. Горький атындағы
№16 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Медетбаева Молдир Кабылановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.