Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Интернеттің пайдасы мен зияны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау, қорытындылау.
Тәрбиелік: Балаларға интернеттің пайдасы мен зияны жайлы айту, зиянды ойындардан, бұрыс жақтарынан сақтау.
Дамытушылық: Білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру, білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу;
Сабақтың барысы:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,- демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.

1984 жылы ARPANET желісіннен бөлек жаңа желілер пайда бола бастады. Солардың бірі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) өз ішіне көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда - ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірген университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрды. Бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
Қазіргі кезде мемлекетіміз бәсекеге 30 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Ол үшін жастар және әр бір қазақ азаматы жаңа ақпараттық - комуникациялық технологияны жетік меңгеруіміз қажет. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата - аналар тәулік бойы балаларының тыныс - тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Сондықтанда менің жұмысымның мақсаты компьютердің бала ағзасына әсерін және де ғаламтордың жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтарында зерттеу. Мен бұл тақырыпты алған себебім компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол қандай қауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін сақтаса, ол біздің ақылды, сүйкімді, қайырымды досымыз бола алады.
Бүкіләлемдік өрмек – Ғаламтор.
Ғаламтор - интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін... Африкадағы әлдебір тайпа көсемінің өлімін, Америкадағы гейлердің шеруін, Ауғандағы әйелдің аянышты халін, Үндістандағы жалаң аяқ кем - кетіктің ауыр тұрмысын, аш - жалаңаш балалар тағдырын дер шағында көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның. Жақсылық іздеу кемшін, қандай өрт, апат, қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз...
Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау - жүдеу... Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан - теңіз. Тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың қармағын қапқан ұрпақты сауықтыру үшін ұлттық иммунитеттің күші жеткілікті болуы ләзім. Ал оған шамамыз жетпесе мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу мен бордай тозудың арасы...

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама