
- 22 мам. 2025 12:33
- 21
Шерзат ісі: Сотталушылардан жауап алу кезеңі басталды
22 мамыр күні сағат 10:00-де Шерзат ісі бойынша ашық сот отырысының 11-бөлімі өтіп, сотталушылардан жауап алу басталды, — деп хабарлады ҚР Жоғарғы соты.
Бұған дейін негізгі куәлар жауап беріп үлгерген. Енді тек тараптардың қосымша куәлары қалды.
Айыпталушылар тізімі мен баптар:
- Абзал Шынасыл — бұзақылық (ҚК 293-бап 3-бөлік), адам өлтіру (99-бап 2-бөлік), адам өлтіруге оқталу (24-бап);
- Равиль Сакиев — бұзақылық және адам өлтіруге оқталу;
- Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Марат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаев — бұзақылық (293-бап 3-бөлік);
- Думан Ыскақ Қайдарұлы (кәмелетке толмаған) — ҚК 434-бап бойынша айыпталған.
Сот барысы мен шешімдері қоғам назарында қала береді.