
- 17 сәу. 2025 21:27
- 63
Шерзаттың ағасына тиесілі телефон ұрланғаны сотта мәлім болды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс қаралып жатқан сот отырысында марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ұялы телефоны ұрланғаны белгілі болды.
Прокурор Дана Сәрсенбайдың мәліметінше, айыпталушы Азамат Тоқтаубаев жәбірленуші Ғайыпбаевты ұрып жатқан сәтте оның күртешесінен түсіп қалған Samsung маркалы телефонын жасырын түрде иемденіп кеткен. Бұл әрекетті прокурор пайдакүнемдік ниетпен жасалған ұрлық деп бағалады.
Айыптау актісінде Тоқтаубаевтың бұл қылмысы арқылы Ғайыпбаевқа 220 мың теңге материалдық шығын келтіргені айтылды. Кейін бұл телефон жәбірленушіге сақтау қолхатымен қайтарылған.