Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама» атты қоғамдық қабылдау өткізілді

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру («Т.Рысқұлов – адалдық алаңы» жобасын қолдау» әлеуметтік жобасының аясында 18-қараша күні Құлан ауылдық округі, Халыққа қызмет көрсету орталығында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама» атты қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қоғамдық қабылдауға 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, аудан тұрғындары, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушылар, түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктері, тұрғын үй, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және құқықтық көмек қажет ететіндер, орта арнаулы оқу орнын бітіруші студенттер, орта мектепті бітіруші түлектер түрлі мәселелеріне жауаптар алды.

Қоғамдық қабылдауға «Т.Рысқұлов – адалдық алаңы» жобалық офисі жетекшісінен бөлек, «Отбасы банк», «Халық банк», «КМФ» микроқаржылық ұйымдарының қаржы консультанттары, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» маманы және психолог, заңгер мамандары ауданымыздың тұрғындарына, арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен мұғалімдеріне, аудан жастарына кеңестерін берді.

Шараға барлығы 50-ден аса жастар мен тұрғындар қамтылды. Қатысушылардың басым бөлігі өз кәсібін бастау үшін несие рәсімдеу маманына, сонымен қатар, тұрғын-үй алу мәселесі бойынша «Отбасы банк» қаржы консультанттарына, және Адалдық алаңы жобалық офисінің жетекшісіне жолығып, сауалдарын қойды. Ал, жеке мәселелер бойынша жастар психолог маманынан кеңес алды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама