
- 16 мам. 2025 07:18
- 25
Цифрлық даму министрлігі ChatGPT-ге тыйым салу туралы ақпаратты жоққа шығарды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға тыйым салынды деген ақпаратқа түсініктеме берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, өткен жылы жасанды интеллект қолдану жөнінде кеңес сипатындағы құжат қабылданған.
"Бұл құжат ChatGPT және өзге де шетелдік AI қызметтерін пайдалануға тыйым салмайды. Алайда жеке деректермен, құпия немесе қызметтік ақпаратпен жұмыс істегенде сақтық шараларын сақтауды ұсынады," – делінген ресми түсініктемеде.
Бұған дейін кейбір БАҚ министрлік ChatGPT-ді қызметтік мақсатта қолдануға шектеу енгізгенін хабарлаған еді. Оның баламасы ретінде Назарбаев университеті әзірлеген отандық нейрожелі ұсынылған. Министрлік мәліметінше, бұл ұлттық жасанды интеллект платформасында қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейтін аудармашы, заңнамалық көмекші, талдау жасайтын AI модельдері қарастырылған.