Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783 - 1797 жылдардағы көтерілісі

Конспект
1773 - 1775 жылдырдағы шаруалар соғысына қазақтардың жаппай қатысуы Нұралы хан бағытының әлсірегенін көрсетті. Кіші жүзде билігін күшейту үшін патша үкіметі әкімшілік басқаруға өзгерістер енгізді. Неплюевтің кезінде 1744 жылы құрылған Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүздің көп бөлігі Сібір және Уфа басқармасына бағындырылды. Қазақтардың Жайықтың сол жағасына өтуін бақылайтын Орал шекаралық басқармасы құрылды.
1783 - 1797 жылдары болған көтерілістің басты қозғаушы күші шаруалар, старшындар, билер, ру басшылары болды. Көтеріліс аумағы Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі жерлерді қамтыды. Көтерілістің басты мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою, Орал казак əскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен сыбайластарының озбырлығына шек қою болды. Көтеріліс басшысы – байбақты руының старшыны, батыр жəне шешен Сырым Датұлы.
1783 жылдың күзінде батырдың Орал казак əскерімен ашық түрде арпалыс жолына түсуі басталды. Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісті қолдаған руларға қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты. 1785 жылғы 17 ақпанда көтерілісті басу үшін аттандырылған генерал - майор Смирновтың тобында 300 - ге жуық Орынбор қазағы, 2000 - нан астам башқұрт, бірнеше зеңбірек болды. Кіші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын шабуылдап, 70 - ке жуық қазақты тұтқынға əкетті. 1785 жылғы наурызда көтірілісшілерге қарсы 1000 - нан астам казак тобымен старшина Колпаков жəне Пономарев аттанды. Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым тобы Сахарная бекінісіне шабуылдағанда сұлтан Айшуақтың баласы Атақ шайқаста қаза тапты. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. 1785 жылғы жазда болған Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Орынбор өлкесінің губернаторы барон О. A. Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға негізделген жоба ұсынды. 1786 жылы Орынборда Шекаралық комиссия құрылды. 1787 жылы Кіші жүзде патшаның əкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.
Көтерілістің қайта жандануын тездеткен жағдай 1791 жылы Орск маңында Ералының хан (1791 - 1794 ж. ж.) болып сайлануы болды. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болып, 1795 жылы Есім хан (1795 - 1797) болып сайланды. Нұралы ұрпағының хандық билікке келуі Сырымның қарсылығын өршітті.
Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы көтерілістің қайтадан өрлеуіне түрткі болды. Атаман Д. Донсков 1500 казактарымен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті.
1796 - 1797 жылдардағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан күшеюіне түрткі болды. 1797 жылы Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді. 1797 жылы төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Нұралының ұлы Қаратайды хан көтерді. Барон Игельстром хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі төрт адамнан тұрды. Кеңес құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты. Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор əкімшілігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескенді. 1797 жылы күзде патша үкіметі Айшуақты хан етіп бекітті.
1797 жылғы күзде полковник Скворкин тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында байбақты, алаш, беріш, адай руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды. Бөкей сұлтан басқарған 800 адамдық топ жазалаушыларға қосылды. Сырым тобы Ойыл өзені бойына көшіп кетіп, жазалаушыларға ұстатпады.
1797 жылы Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетіп, 1802 жылы Хиуада қайтыс болды.
1801 жылы 11 наурызда патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың өтуге, мал жаюға рұқсат берді. Бұл Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс патша үкіметінің отарлау саясатын, ең шұрайлы Жайық өңірін басып алуға ұмтылғанын дəлелдеді. Көтерілістің жеңілуіне әсер еткен жағдайлар: 1. Феодалар мен старшындық топтар арасындағы алауыздық. 2. Руаралық қайшылықтар. 3. Көтерісшілердің нашар ұйымдасуы. 4. Сырымның көтерілістің əр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.
Конспект сұрақтар
1. Сырым Датұлы көтерілісі кезінде Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны:
2. 1785 жылдың наурызында Орал казактары кімдерге шабуыл жасады?
3. Сахарная бекінісін алуда қаза тапқан Айшуақ сұлтанның баласы:
4. 1785 жылы жазда старшындар съезі қабылдаған шешім:
5. 1785 жылы күзде Кіші жүз билерінің мəжілісіне қанша ру өкілдері қатысты?
6. Орынбор губернаторы Игельстромның мақсаты:
7. Игельстром жобасына Сырымның көзқарасы:
8. Орынборда Шекаралық комиссия құрылған мерзім:
9. Сырым көтерілісінің қайта өрлеуіне не түрткі болды?
10. Бейбіт ауылдарды сақтау үшін Сырым табын жəне кердері руларын қайда көшірді?
11. Көтерілістің қайта жандануын тездеткен жағдай:
12. Есімнің хандық билікке келген мерзімі:
13. Сырым Датұлына қарсы аттанған жазалаушыларға қосылған 800 адамдық топты кім басқарды?
14. Есім ханның қазасынан кейін феодалдық топ кімді хан етіп жариялады?
15. Хан сайлауының орнына құрылған хандық кеңестің төрағасы:
16. Сырым Датұлы қайтыс болған жер:
17. Қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуге рұқсат берілген мерзім:
18. Сырым мен Нұралы хан арасындағы араздықтың тууына не себеп болды?
19. Сырымның Орал казак əскерімен кескілескен күресі қашан басталды?
20. Көтеріліс басшысы Сырым Датұлының лауазымы:
21. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты:
22. Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған мерзім:
23. 18 ғасырдың соңында патша үкіметінің Кіші жүзде енгізген өзгерістері:
Тақырыптың тесті
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783 - 1797 жылдардағы көтерілісі. жүктеу