Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина
Әдебиеттік оқу 2 класс

Сабақтың тақырыбы: «Сусын ішу тәртібі»Ибн Сина
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын
меңгерту
Сабақтың міндеті: 1. Оқушыларға автор және сусын, су түрлері, олардың пайдасы туралы мағлұмат бере отырып, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, өз денсаулықтарын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме
Көрнекілігі: суреттер, таспа, слайдтар

І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар күрделілік деңгейі бойынша 3 түрлі түспен беріледі
Үш деңгейде сұрақтар қою арқылы өздеріне ұпай жинату.

IV. Жаңа материалды меңгерту
Дәптермен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс:
І топ: Өлеңді мәнерлеп оқу.
ІІ топ: Өлеңнен су ішу тәртібін құр.
ІІІ топ: Өлеңді қара сөзбен әңгімелеу
Автор туралы түсінік
Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Ол кемеңгер ойшыл, асқан ақын және дәрігер. Ибн Сина денсаулық туралы еңбектерін өлеңмен де жазған. 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды.
Ибн Синаның еңбектері
Дәрігерлік ғылымның ережесі» «Ереже»
Су түрлеріне тоқталу:
Сарқырама, жер асты суы, бұлақ сулары туралы топтар өз жұмыстарын қорғайды.

Сергіту сәті «Бассейнде жүзу әдісі»
Біздің ішіп жүрген сусындарымыз:
Олардың пайдасы мен зиянына тоқталу.
Су ішу ережесі
Қай су таза?
Таза су ішіп, ауырмайық!
Оқушылар суды қалай тазарту жолдарын түсіндіре отырып, іс жүзінде тәжірибе арқылы көрсетеді.

Қорытынды: Ибн Сина дегеніміз кім?
Оның қандай ережелері бар?
Суды қалай тазартып ішеміз?

Бағалау Өздерінің жинаған ұпай санын есептеу арқылы бағалау
Үйге тапсырма:
Өлеңді мәнерлеп оқу, денсаулық туралы мақал мәтел жинау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама