Сүйікті ертегі
Бейнелеу өнері 4 класс
Тақырыбы: Сүйікті ертегі
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру, ертегілердің мазмұнына байланысты иллюстрациялы сурет салуға баулу, өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері.
Білімділік. Ертегілер туралы мағлұмат беру, жақсы және жаман жағын талдау, білімін қалыптастыру.
Тәрбиелілік. Балаларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық. Балалардың бойындағы ертегіге деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың дүниетанымдық көзқарастарын жетілдіру.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі. Сөзжұмбақ, таспа, бейнетаспа, интерактивті тақта т. б.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар. Сурет альбомы, қарындаштар, бояулар, қылқалам түрлері т. б.
Пәнаралық байланыс. Дүниетану, ана тілі.
Сабақтың жоспары:
І. Кіріспе бөлім
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Білімдерін тексеру.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. Машықтық жұмыс.
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Сабақты қорытындылау.
2. Оқушылардың білімдерін бағалау.
3. Үйге тапсырма.
І. Кіріспе бөлім
1. Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе, ағай?
Оқушылар шеңберге тұрып бір - біріне тілек айтады, тренинг арқылы топқа бөлініп отырады.
- Отыра қойыңдар. Кітап, альбом дәптерлеріңді, қаламдарыңды алдарыңа шығарып, сабаққа дайындалып отырамыз.
Мақсат қою. Сабақ кезеңдерімен таныстыру.
2. Білімдерін тексеру. Сөзжұмбақ
1. Қазақстанның халық суретшісі. (Қастеев)
2. Түр тапқыш тақтайша. (Палитра)
3. Бейнелеу өнерінің бір түрі. (Графика)
4. Су бояуы. (Акварель)
5. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. (Портрет)
Өткен сабаққа шолу жасау. (сұрақ - жауап арқылы)
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы халық бақыт туралы, еркін өмір, жайлы мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық уақиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесі тудырған. Ғажайып қиял әңгімелері, орасан уақиғалы қазақ әңгімелері, салтпен, тарихпен байланысты оқшау әңгімелер - бәрі де ертегінің түрлері. Ертегінің тағы бір тамыры - алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте - бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен.
Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған.
Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы - 19 ғ - дың 2 - жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғылыми мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В. В. Радлов, И. Н. Березин, Ы. Алтынсарин, Г. Н. Потанин, А. В. Васильев, А. Е. Алекторов, Ә. Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды - көпті пікір айтылды.
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял - ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
Ендеше оқушылар тақтаға назар аударайық.
Бейнетаспа арқылы оқушыларға ертегілерден үзінділер көрсетіледі.
Көрген ертегілерге байланысты оқушылармен талдау жүргізіледі. Оқушыларға жеке кейіпкерлерді, ертегі ішіндегі тұрмыс тіршіліктерін, жекелеген бейнелерге көмек ретінде тақта бетіне салу жолдарын көрсетемін.
Ертегідегі басты кейіпкерлерді анықтап, ертегі ішіндегі ең қызықты уақиғадан сюжеттік көріністерін, ертегілердің әр түрлі мазмұнда көріністерін бір жүйеге келтіріп, композициялық құрылымын айқындап барып әр топ таңдаған ертегісі бойынша қағаз бетіне түсіреді.
Ертегіге арналып салынған иллюстрация ертегінің мазмұнына сәйкес мәнін ашуға тиіс. Оның түрлі - түсті бояулары әсерлі болуына көбірек мән береміз. Енді осы талаптарды сақтай отыра жұмыс жасауға кіріседі.
Тапсырма. Ертегілерден сюжеттік көрініс бейнеле.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Әр топ бір - бірінің салған суреттерінің мазмұнына, бейнелеудегі мәнін ашуда,
композициялық құрылымына, түрлі - түсті бояуларына талдау жұмыстарын жүргізеді және бағалайды.
Үйге тапсырма: Ертегі құрастырып, иллюстрация жасау.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Қарабұтақ орта мектебінің
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Туребеков Ерлангали Турегалиевич
Қосымшасын жүктеу