Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Туған елім мақтанышым
Сабақтың тақырыбы: ”Туған елім мақтанышым»
Сабақтың мақсаты: Туған елге туралы түсінігін кеңейту, оны сүйе білуге деген мақтаныш сезімін ояту.
Білімділік мақсаты: Тақырып бойынша түсінік бере отырып еліміздің табиғаты мен байлықтары туралы оқытып үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Туған жерге, отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер мен туған ел туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту, өз туған еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұхбат, шаттық шеңбері,
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қала, рәміздер, табиғат байлықтары туралы суреттер.
Жылулық шеңбері; «Менің сүйікті Отаным»
Балалар шеңбер бойына жиналады, жүректі әр бала өз кеудесіне төсей отырып, отанға, туған жеріне, отбасына деген сүйіспеншілігін білдіреді.
- Мен тобымды (достарымды, туған жерімді, отанымды, отбасымды ) жақсы көремін, менің елім бақытты.
Әңгімелесу
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі
- Қыста дала қандай болады?
- Салқын, қарлы, боран
- Ал аптаның қай күні?
- Жұма
- Ал енді балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Туған
елім - мақтанышым»- деп аталады, туған өлкем деген өлеңнің бір шумағын айтып жіберейікші балалар:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
- Балалар, Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?- айтып көрейікші.
- Астана, Алматы, Қостанай, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды,
Семей, Қызылорда, Қостанай.
- Қазақстанның қандай қалалары туралы тақпақ білесіздер?
Алматым - тұрсың мөлдіреп,
Саяңда өстік көп бала.
Сүйемін сені елжіреп,
Сүйемін сені тек қана.

Астана - әйбат қала,
Келесің әйбаттана.
Еліме тірек болып,
Тұр соғып жүрек болып.
- Ал мынау балалар қазақстанымыздың картасы, мұнда Қазақстанның қалалары, таулары, өзен сулары бейнеленген.
- Балалар өздерің қай елде тұрасыңдар?
- Қазақстанда
- Ал қай қалада тұрасыңдар?
- Атырау қаласында
- Ал балалар елордамыз қай қала?
- Астана
- Балалар, туған жер туралы қандай мақалдар білеміз?
* Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
* Туған жердің күні де ыстық
Түні де ыстық.
*Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
*Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл.
*Отан оттан да ыстық
Біздің Қазақстан еліміздің мемлекеттік рәміздері, мемлекеттік тілі, өзіндік шекарасы бар, елтаңба мен туымыз туралы тақпақ айтайық балалар.
Рәміз.
Рәміздерім - елдігімнің белгісі
Білу керек бала дағы ең кіші
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Елтаңбасы елімнің.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі..
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрдің
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Көк ту.
Айнымайды аспаннан, біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда биікке іліп қояды.
Көк аспанда қызыл күн, көк аспанда жас қыран
Естілгендей біздің үн, сол ғарыштың астынан.

Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз
Өсіп – өніп толамыз
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз.
- Балалар байтақ жеріміздің қандай байлықтарын білесіздер?
- Көмір, мақта, күріш, ұн, қант, көкөністер мен жемістер, күнбағыс майы
- Олардың қайсысы қай қалалардан шығады екен?
- Көмір - Қарағанды, Семей облыстарында
Күріш - Қызылорда, Алматы облыстарында
Мұнай - Атырау, Маңғыстау облыстарында
Ұн - Қостанай, Ақмола облыстарында
- Иә балалар біздің байтақ жеріміздің байлықтары көп екен. Ал балалар біз бүгінгі сабағымызды қорыта келе ән сабағынан
«Әрқашан күн сөнбесін» - әнін айтайық

Жалпы білім беретін
№ 6 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі
Ержанова Айжан Базарбайқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама