Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Сырымбек Тау: Берденов күніне 9-10 қадам жасап, сөйлей бастады

Белгілі кәсіпкер әрі Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау Qaz365.kz тілшісіне берген сұхбатында досы Руслан Берденовтің денсаулығы жақсарып келе жатқанын айтты.

Оның сөзінше, Берденов өздігінен орнынан тұрып, күніне 9-10 қадам баса бастаған. Сонымен қатар сөйлеу қабілеті де қалпына келуде.
«Басында шетелге емдеуге жібереміз деп ойлағанбыз. Бірақ Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Германия және Аустрия дәрігерлеріне хабарласқанымызда, олар шымкенттік дәрігерлердің кәсіби деңгейіне жоғары баға берді. Олар шұғыл әрі дұрыс ота жасағанын айтып, Шымкентте қалдыруды ұсынды», – деді кәсіпкер.

Сонымен бірге Сырымбек Тау осы оқиғаға қатысты басты күдіктінің әкесінің пікірін қолдайтынын жеткізді.
«Күдіктінің әкесінің “келінімді араластырмаңдар” деген сөзімен келісемін», – деді ол.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама