
Фото: Әлеуметтік желі
- 25 там. 2025 13:37
- 13
Тауда ажал құшқан әйелдің денесі келесі көктемге дейін биікте қалатын болды
Тауда ажал құшқан әйелдің денесі келесі көктемге дейін биікте қалатын болды
Ресейлік альпинист Наталья Наговицынаның денесі кем дегенде көктемге дейін Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қалады. Оны құтқару үшін жасалған үш әрекет те сәтсіз аяқталды, ал қазір өрмелеу маусымы жабылды, деп хабарлайды Infohub.kz.
47 жастағы альпинист әйел 12 тамызда Жеңіс шыңынан (7439 м) түсу кезінде аяғын сындырып алған. Жолдасы көмекке кеткен, ал Наталья он күннен аса уақыт жеті мың метр биікте шатырда жалғыз қалған.
Алдымен оған неміс альпинисі Гюнтер Зигмунд пен италиялық Лука Синигалья жетпек болды. Олар тек әйелді ұйықтайтын қапқа орап, азық-түліктің азын ғана қалдыра алған. Кейін Синигалья үсіп, ми ісінуінен қайтыс болды.
Ресейлік альпинистер мен құтқарушылар отырған тікұшақ қатты турбуленттен Наталья жатқан шатырға көтеріле алмады, әуе көлігін шұғыл қондыруға тура келген. Экипаж бен альпинистер зардап шекті, соның ішінде Виталий Акимов, оған кейін жаңа топты басқару тапсырылды. Бірақ 6500 метрде оның бел ауруы асқынып, топ кері қайтуға мәжбүр болды.
19 тамызда дрон кейінгі рет Натальяны тірі күйінде түсірген. 23 тамызға қарай құтқару жұмыстары толық тоқтатылды: қолайсыз ауа райы, қарлы боран мен қар көшкінінің қаупі өрлеуді мүмкін етпеді.
Mash хабарлауынша, іздестіру жұмыстары келесі маусымға, 2026 жылдың көктеміне қалдырылды.