Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Физика 8 - сынып
Тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Пән бойынша оқушылардың білім - білік дағдысын қалыптастыру. Токтың жұмысы мен қуатын, тоқтың жылулық әрекетін Джоуль - Ленц заңы арқылы түсінік беру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімін бағалау.
Дамытушылық мақсаты: Еріктілікті дамыту, қабілеттілік және белсенділікті арттыру, танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу. Оқушыларда ғылыми - дүниетанымдылық көзқарас қалыптастыру. Оқушыларды салыстыра білуге, оқу материалының, ең негізгілерін таңдай білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу, топтық жұмыста сыйластыққа тәрбиелеу, табиғатты аялауға баулу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыстың элементтерін қолдану, жеке жұмыс, баяндау, деңгейлі тапсырмалар беру – сапалық, мәтінді және эксперименталды есептер.
Сабақтың көрнекіліктері: слайд, әртүрлі қуаты бар электр шамдар, өткізгіш сымдар, амперметр, вольтметр және басқа электр құралдар, стикер, постер.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика, химия.

Сабақ кезеңдері: 1. Ұйымдастыру 2 мин
2. «Электр тогы»(үй жұмысын тексеру) 8 мин
3. Жаңа сабақ. Баяндау 7мин
4. Жаңа сабақ бекіту. 1. Постер қорғау 5 мин
2. Практикалық тапсырмалар орындау 15 мин
5. Қорытындылау 2 мин
6. Бағалау 3мин
7. Сергіту сәті (рефлексия) 2 мин

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топтарға түрлі түсті стикерлер арқылы бөлу. Оқушылардың назарың сабаққа аудару.
Мұғалім сөзі: «Өзің білмесең, білгендерден үйрен, үйренгеннен ештеңең кетпейді.»- ұлы Төле би атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды топтық жұмыс арқылы өткіземіз, бір - бірімізден үйренеміз және үйретеміз.
(оқушылар тапсырмалар орындау кезінде жұлдыздарды ұпай ретінде жинайды, бір дұрыс берген жауапқа 1 - жұлдыз беріледі және жиналған ұпайлар бойынша бағаланады: 2 - 4 жұлдыз - «3», 5 - 7 жұлдыз -«4» және 8 - 10 жұлдыз -«5», практикалық тапсырмаларға жұлдыздар деңгейіне қарай беріледі: І деңгей дұрыс жауап - 1 жұлдыз, ІІ деңгей дұрыс жауап - 2жұлдыз, ІІІ деңгей дұрыс жауап - 3жұлдыз бағалау кестесі бойынша. )

ІІ. Үй тапсырманы тексеру: А) Электр тогын қайталауға арналған сұрақтар:
1. Электр тоғы дегеніміз не?
2. Қандай құрылғылар ток көздері деп аталады? Мысал келтіріңдер.
3. Ток күші деп нені атайды? Оның өлшем бірлігі?
4. Электр кернеу деп нені атайды? Оның өлшем бірлігі?
5. Кедергі деп нені атайды? Кедергінің өлшем бірлігін қай ғалымның құрметіне қойған?
6. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады? Оның формуласы қалай оқылады?
7. Электр тоғының қандай әрекеттерін білсеңіздер?

Ә) Суреттер бойынша сұрақтар.
І топ. Өткізгіш арқылы қандай зарядталған бөлшектер орын ауыстырады? Қай бағытта?
ІІ топ. Көрсетілген сызбаларда қандай қате барын табыңдар?
ІІІ топ. Сүреттегі үш бірдей шамдардың қалай жалғанып тұрғаның айтып беру.

Б) «Электр құралдары»
(әр топқа электр құралдары беріледі, оларды атап шығу, қолдану тәсілдері айту.)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тұйықталған тізбек бойымен электр тоғы өткенде, тізбектің ішкі бөлігі ток көзінде және тізбектің сыртқы бөлігі – энергия тұтынушыларға энергияның бірқатар түрленулері болады.
Электр тоғының жұмысы ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
"А=IUt" және 1Дж=1А 1В 1с
Тоқтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама