- 14 шіл. 2020 00:00
- 200
ҰБТ негізінде сертификаттар мен құжаттарды қабылдау рәсімі 25 шілдеге дейін созылды
Колледж, жоғары оқу орындарының студенттері көбінесе қашықтан оқу форматында оқитын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Колледж, жоғары оқу орны студенттері көбінесе қашықтан оқу форматында оқитын болады. Кейбір мамандық бойынша тәжірибе, лабораториялық жұмыс және басқа да осындай дәстүрлі оқу режимі бойынша ұсыныстарды қабылдап, ондай мүмкіндікті береміз. Сондай-ақ, шалғайдағы ауыл-аймақтарда да колледжер бар. Эпидемиологиялық жағдай жақсы болса оларға дәстүрлі түрде сабақ беруге рұқсат етеміз», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, магистратураға тест тапсыру бойынша айтарлықтай өзгерістер жоқ.
«Биыл тестілеу тамыз айында ұйымдастырылады. Ағылшын тілін игеру бойынша талаптарды сәл күшейттік. Осыны қоспағанда үлкен өзгерістер жоқ. Қазіргі уақытта бакалавриат және доктарантура бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бакалавриат бойынша ҰБТ аяқталды. Енді ҰБТ негізінде сертификаттармен күні кеше құжаттарды қабылдау рәсімі басталды. Осы рәсімді 25 шілдеге дейін создық», — дейді ол.